Ел және Елбасы • 07 Шілде, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев: Елорда – Тәуелсіздік жылдарындағы тәуекелдің ең үлкені
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарында жүзеге асқан ауқымды әрі теңдессіз жоба – Нұр-Сұлтан қаласының салынуы. Стратегиялық тұрғыдан мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды шешімнің тиімді де нәтижелі болғанын тұтас ұлт мойындап, игілігін көрді. Елорданың қазақ жерінің орталығына көшірілуі геосаяси тұрғыдан ғана емес, экономикалық, әлеуметтік жағынан да өте пайдалы болды. Қазақстанда құрылыс индустриясының жоғары қарқынмен өркендеуіне ықпал етіп, жаңа сипатқа көшуіне және ұлан-ғайыр жеріміздегі барлық аймақтардың дамуына серпін берді. Бүгінде қазақ елінің әрбір тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласына мақтанышпен, құрметпен, зор ілтипатпен қарайды. Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы бедерінде жүзеге асқан бірегей, ұлы жоба болды. Жобаның іске асуы кезіндегі қиын да, қызық сәттерді еске алу үшін «Qazaqstan» телеарнасынан «Nur-Sultan. Қолтаңба» деректі фильмі жарыққа шықты. Деректі фильм негізінде Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың журналист Ләззат ТАНЫСБАЙҒА берген сұхбатын газет оқырмандарына ұсынамыз.
Әлем • 07 Шілде, 2021
Қазақстан – «Геосаяси үшбұрыштың» жүрегі
Әлемдік күш орталығы Батыстан Шығысқа қарай қайта ойыса бастаған кезеңде «Жаңа ұлы ойында» геосаяси «жүректің» орны туралы әртүрлі көзқарастар болғанымен, жалпы жағдай «Кавказ – Орталық Азия –Оңтүстік Азия геосаяси үшбұрышының» маңыздылығын көрсетіп тұр. Мұндағы басты сұрақ – бұл жаңа дүниежүзілік тәртіп қалай құрылады деген сұрақ. Ол жойқын соғыстан кейін немесе ұзаққа созылған бітіспес соғыстардан кейін құрыла ма, әлде ынтымақтастыққа бағытталған бітімшіл тәсіл осы үдерісте үстем бола ма? Осы аймақтың дәл ортасында орналасқан түркі-ислам әлемі, атап айтқанда, Қазақстан мен Түркі Кеңесі екінші тәсілді/тезисті қолдайды. Бұл тезиске сәйкес Орталық Азияның Шығыс пен Батыс арасындағы билік үшін күрестегі «жұмсартушы буферлі аймақ» рөлі алдыңғы қатарға шығады.
Өнер • 06 Шілде, 2021
Кино әлемінде ерекше көзқарас тудырған «Айка», «Тюльпан» фильмдерінің режиссері, Халықаралық Канн кино фестивалінің екі дүркін лауреаты Сергей Дворцевой Музыкалық жас көрермен театрының әртістерімен кездесіп, мастер-класс өткізді.
Өнер • 06 Шілде, 2021
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінде көне жәдігердің бірі – күміс фалар сақталған. Фалар дегеніміз, ат әбзелінің әшекейіне жататын, қайыстан жасалған өмілдірік-құйысқанға бекітілетін металл жапсырма.
Аймақтар • 06 Шілде, 2021
«Жалғыздық» – ең үздік спектакль
Шынайы өнерге шекара кедергі жасай алмайды. Мұны Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ұжымының бір айда екі рет халықаралық фестивальдің бас жүлдесін иеленгенінен байқауға болады.