Қоғам • 09 Шілде, 2021
Петропавлдық Алтынгүл Арынғазиева мен Бақыткүл Қасенова – бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын егіз ару. Олардың қос тамшыдай түр-келбеті, күлкісі, жымиысы, жұмысқа деген ерекше ынта-жігері ғана емес, домбыраның қос шегіндей өрілген тағдырлары да өте ұқсас. Ішкі істер органында 20 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан полиция подполковниктерінің өз өмірлерінен шертер сырлары аз емес.
Әдебиет • 09 Шілде, 2021
Қазақ әдебиетінің тарихына зер салсаңыз, өмір бесігін тербетіп, өлім күйін әлдилеп, оқырманды тасқа тұнған теңіздің тамшысындай таза табиғатымен табыстыратын алтын кезеңдердің көш бастаушысы – ақындар екеніне күмәніңіз қалмайды. Поэзия адамның ең жақын, риясыз сырласы болғандықтан, жыр әлемінің шыңырауындағы астарлы ақиқаты елдің елік көңілін алдымен елеңдетіп жатады. Әйткенмен, сарыла сағынып, сарқыла ойланып, «өз жүрегін өзі жеп, дәмін өзгелерге де татқызатын» (Назым Хикмет) ақындық сапар азабы көп, қиын жол.
Қоғам • 09 Шілде, 2021
Жұмыссыздық ұлы көштің бастауы ма?
Жақында ғана елден азаматтарымыздың үдере көшіп жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Онда I тоқсанда біздің елге 2,1 мың адамның қоныс аударғаны, есесіне 5,5 мың адамның көшіп кеткені айтылады. Азаматтар негізінен Ресей, Германия, Израиль елдеріне аттанған.
Қоғам • 09 Шілде, 2021
Ауыл шаруашылығы жерлерін сақтау маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жер қатынастарын дамыту туралы заң біз үшін өте маңызды. Өйткені жерді жалға алғанымен, пайдаға асырмай жүрген кәсіпкерлеріміз жетерлік.
Қоғам • 09 Шілде, 2021
Қоғамда ұзақ жылдар бойы қордаланып келген өзекті проблемалардың бірі – жер мәселесінде нақты қадамдар жасалып, заң жүзінде іске асып жатыр. Жақында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, саладағы бірқатар маңызды мәселенің реттелуіне жол ашты.