Қазақстан • 11 Шілде, 2021
Вакциналауды бизнеске айналдырғандар кімдер?
Коронавирус пандемиясы елімізге көлеңкелі бизнестің тағы бір түрін алып келді. Ол – вакциналау паспортын сату және ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы жалған анықтама жасап беру. Ең сорақысы – таразы басында халық денсаулығы тұрған бұл заңсыздықтың бел ортасында ақ халаттылар жүр.
Тарих • 11 Шілде, 2021
Наполеон Бонопарт және Бөкей Ордасы
Осы жылы XIX ғасырдың басында Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында құрылған Бөкей Ордасына 220 жыл толды. Сөз жоқ, Қазақ мемлекеттілігінің тарихында Бөкей Ордасының алатын орны орасан зор. Осы уақытқа дейін бұл саяси бірлестіктің құрылуының негізгі екі себебі айтылып келді. Біріншісі – XVIII ғасырдың соңғы жылдарында Кіші жүзде әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың мейлінше шиеленісуі болса, екіншісі – патша өкіметінің Қазақстанды отарлау саясаты.
Әлем • 11 Шілде, 2021
Сенбіде жарияланған сауалдамаға сәйкес бразилиялықтардың көпшілігі Джейр Болсонароға импичмент жариялауды қолдайтыны мәлім болды. Өйткені елдің оңшыл президентіне сыбайлас жемқорлық туралы айыптауларға және коронавирустық дағдарысқа қарсы күреске байланысты қысым арта түскен.
Кино • 09 Шілде, 2021
1966 жылы 20 жастағы Наталья Арынбасароваға Венецияда өткен халықаралық фестивальде Вольпи алтын кубогы берілген кезде басқаларды былай қойғанда Батыс елдері сарапшыларының өзі іштен тынып, «бұл фантастика» деген екен. Бұл сыйлық Арынбасароваға Шыңғыс Айтматовтың повесі бойынша түсірілген «Алғашқы мұғалім» фильміндегі Алтынай рөлі үшін берілген. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Наталья Арынбасарова біздің газетімізге берген сұхбатында шығармашылығы және өзін қоршаған ортаның өміріне әсері, достары жайлы айтып берді.
Экология • 09 Шілде, 2021
Заңсыз қоқыс полигонынан залал көп
Қазақстандағы заңсыз қоқыс полигондары мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын әкелді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматыда өткізген көшпелі кеңесте заңсыз қоқыс орындарын жою бойынша жүргізген мониторинг нәтижесін ұсынды.