Әдебиет • 12 Шілде, 2021
«Артық сыр жоқ жасырар осы менде»
Кеше ғана арамызда ойнап-күліп жүрген, бүгінде ордалы орны ойсырап тұрған асыл дос, айнымас жолдас, арқалы ақын, ойы алымды, қаламы қарымды журналист, шебер аудармашы, әдебиет зерттеушісі, тіл қайраткері, бір сөзбен айтқанда, «сегіз қырлы, бір сырлы» талант Зейнолла Әкімжанов тірі болса, 70 жас мерейтойын тойлап, ортамызда отырар еді-ау! Былтыр қапылыста мәңгілікке көз жазып қалған әріптесіміз жайлы өткен шақпен сөйлеу өте ауыр. Тек «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші, артына өшпес із, өлмес мол мұра қалдырғаны– медеу.
Қоғам • 12 Шілде, 2021
287 мұқтаж отбасына азық-түлік қоржыны тапсырылды
9 шілдеде Қарағандыда «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы мен «Ел тірегі – Елбасы» республикалық акциясы аясында 287 аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтығы табысталды. Атаулы әлеуметтік көмек алғандардың ішінде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.
Аймақтар • 12 Шілде, 2021
700-ден астам адам ауруханада жатыр
Батыс Қазақстан облысында коронавирустан емдейтін арнайы стационарларда емделіп жатқан науқас саны 731-ге жетті. Індет басталғалы облыста 420 адам COVID-19-дан көз жұмған.
Аймақтар • 12 Шілде, 2021
Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Мәдениет Танауовтың мәліметінше, қаңтар-маусым айларында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 87 адам болған. Ал шілдеде бұл көрсеткіш 150-ге жетіпті. Бұл мұнайлы өңірде қайтадан алаңдатарлық эпидемиялық ахуал қалыптасқанын байқатады.
Тарих • 11 Шілде, 2021
Атырау өңірінде байлардың мал-мүлкін тәркілеу қалай жүргізілген?
Қазақ халқының көрмеген құқайы жоқ. Небір зұлматты бастан кешті. Соның ішінде ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ашаршылық қазақ даласының әр қиырын шарпыды. Алайда оның зардабы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахметпен әңгімеде бұрынғы Гурьев округіндегі байлардың мал-мүлкін тәркілеу мәселесі қамтылып отыр.