Әлем • 04 Мамыр, 2021
Германиядағы «барқыт революция»
БЕРЛИН. Кейінгі 50 жылда Германия үш кереметті бастан өткерді. Еуропаның басты «науқасы» Exportweltmeister (экспорт чемпионы) атанды. Сонымен бірге өткенін жеңді (Vergangenheitsbewältigung). Бұрынғы дұшпандарымен достасып, саяси-экономикалық одақ құрды. Бірақ енді осы керемет арқылы құрылған қолайлы орта құлдырап барады. Соның салдарынан Германияның қазіргі басқарушы партиясы – Христиан-демократиялық одақ (CDU) көзіне шам жарығы түскен бұғы іспетті.
Әдебиет • 04 Мамыр, 2021
Поэзия мен философия. Олжас Сүлейменов шығармашылығының философиялық контексі
Әсілі, батыр Олжабай әулеті, Ұзын Сүлеймен ұрпағы – ұшқан ұядан жеткен ұлылыққа дейінгі аралықта – ұзақ (үлкен) жол жүріп өтіпті. Жүрген сайын жол сілемі қырдан жонға, шоқыдан жотаға, құздан шыңға көтеріле берген екен. Енді, етегін қарағайлы орман, қалың терек, топ қайың жапқан тау басында жан-жағына көз жіберіп тұрып, сапарын есіне түсіріп, саяхатын байыптай алады.
Қоғам • 04 Мамыр, 2021
Рухани агрессиядан қалай қорғанамыз?
Қазаққа ақылсымақтарын айтып, жол көрсеткісі келетіндер көбейіп барады. Жөні түзу сөз айтса бір сәрі, адам жағасын ұстататын көзқарастарын көлденең тартатын олардың қоғамдағы белсенді іс-әрекеті өршіп, дауыстары қоғамды жаңғыртып тұр. Айылын жияр емес. Әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланып, түрлі деңгейдегі мінбелерде ауыздыға сөз бермей көкейіндегісін көсемси жеткізіп жүрген, кертартпа, кесірлі пікірлерін көлденең тартып кеуде керген бейауыздыларға тыйым салар күн туатын шақ әзірге алыс секілді ме, қалай?
Аймақтар • 04 Мамыр, 2021
Шабындық пен табындық жер жетпейді
«Бiз мына кең далаға сыймай жүрген жоқпыз, сыйыспай жүрмiз» депті ғой Ғабит Мүсірепов. Қалай дәл айтқан, ә?! Ұлтарақтай жер үшін ауылдасымен қырық пышақ болып жүрген ашкөз жер иеленушілерге қарата айтқан ба деп қаласың кейде. Колхоз, совхоз тарай сала, гектар-гектар жерді рәсімдеп алып, не өзі игермей, не өзгеге бермей отырғандар бар бүгінде. Құжаттарын заңдастырып алған соң оларға жергілікті билік те ауыз аша алмақ емес.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2021
«Үкімет үйінің» тұрғыны болған қазақ кім еді?
Адамзат тарихындағы ең бір ауыр зұлмат болған, миллиондаған адамның өліміне, қайғы-қасірет шегуіне, орасан зор көлемде материалдық құндылықтардың талқандалып жойылуына әкеліп соқтырған, мыңдаған шақырымдарға созылған майдандарда жойқын, қантөгіс шайқастар өткен Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 76 жыл болғалы отыр. Сонымен қатар бұрынғы Кеңес Одағына қарсы соғыстың басталғанына 80 жыл толады.