Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Бітімгерлік еңбегі жоғары бағаланады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап ішкі-сыртқы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесіне баса мән берді. Мемлекет басшысының бұл еңбегі зая кеткен жоқ.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Егемен еліміздің есею жылдары елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының еңсе тіктеуімен қатар сипатталады. Еуразияның жүрегінен орын тепкен астана – Қазақстан дамуының айқын көрсеткіші, айшықты айнасы. Бүгінде халқы миллионнан асып, мегаполис атанған шырайлы шаһардың күннен-күнге келбеті өзгеріп, «ақылды» технологиялардың кеңінен қолданылуы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға сеп болып жатыр.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Қараөткелде мұнаралы мешіт тұрғызған
Елорда жұртшылығы үшін осынау мерекелі мезетте тағы да бір тамаша игі бастама бой көрсетті. Бас шаһардың тарихы тым әріде екені бүгінде жан-жақты айтылып, жазылып келеді. Ежелгіні айтпаған күннің өзінде Ақмола округінің алғашқы аға сұлтаны, Орта жүздің ханы Сәмекенің шөбересі Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының бұл өлкеге өнеге боларлық істері өте көп болған.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2005 жылы жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде: «Сарыарқаға алғаш аяқ басқанымда даланың адам бойына құятын ғаламат қуатына қайран қалдым әрі оны жан-тәніммен сезіндім» деп жазса, өткен жылы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес... Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді» дейді. Соңғы жылдары зерттеушілер кең жазира қазақтың Сарыарқасын Елбасы жоғарыда атап өткен «Ұлы дала» ұғымының кіндігі ретінде қарастырып жүр. Соның бірі – танымал қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лаураеты Әнес Сарай ағамыз. Осы орайда, жазушының танымдық пайым-мақаласын ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Парламент жұмысының қорытындысы: 82 заң қабылданды
Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін алтыншы сайланған Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде қорытындыланды. Бірлескен отырысқа төрағалық еткен Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дәстүр бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы мақсаттарға назар аударатын маңызды кезең екенін айта келіп, осы жолда Парламент еліміз үшін көптеген қажетті заңдар қабылдағанына тоқталды.