Үкімет • 06 Маусым, 2019
Бюджеттің атқарылу есебі тыңдалды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Терапия түрлері көп. Әркім өзіне тиімдісін таңдайтын терапия ішінде «арт» деп аталатын музыкамен, суретпен, бимен, жалпы өнермен емделетін түріне, әсіресе балалар үйір келеді. Ауруы жанына батып, меңдеген сырқаты көздеріне мұң ұялатып тұрса да, жүрегінен әлі де болса қуаныш тапқысы келетін балдырғандар күлкі, қуаныш арқылы діңкелеткен дертін жеңіп, айығып шығуға мүмкіндігі мол екенін түйсігімен сезеді.
Қазақстан • 06 Маусым, 2019
Биыл елімізде Жастар жылы жарияланды. Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың мәліметінше, Қазақстанда 35 жасқа дейінгі 7 мыңнан аса ғалым бар. Бұл елдегі 22 мыңнан аса ғалымның 32 пайызын құрайды. Қазақ ғылымындағы жас ғалымдардың үлес салмағын көбейтуге не кедергі?
Сайлау • 06 Маусым, 2019
Үгіт-насихат жұмыстары барлық өңірді қамтуда
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары соңына таяған сайын президенттіктен үміткерлердің қоғамдық штабтары іс-шараларды жиілете түсті. Кандидаттардың аяғы жетпеген жерлерге сенім білдірілген адамдары барып, еліміздің барлық аймағындағы халықты алдағы сайлау барысынан құлағдар етіп жатыр.
Экономика • 06 Маусым, 2019
Қаржыны құнсызданудан қалай қорғаймыз?
ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін ақша құны алтынға байлаулы болды. Яғни қағаз купюраны бағалы металға айырбастауға болатын еді. Уақыт өте мемлекеттер купюралардың алтын күйіндегі құрамын төмендетіп, қағаз ақшаға алтынды аздап қана бере бастады. Сол кезде «девальвация» деп аталған бұл терминнің сипаты бүгінде басқа мағынаға ие. Мұны ұлттық валютаның мемлекеттік резерв ретінде пайдаланатын шетел валютасына қатысты құнсыздануы дейді.