Қоғам • 07 Маусым, 2019
Осыдан бір жыл бұрын маусым айынан бастап Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы аясында қолға алынған «Түнгі сот» қанатқақты жобасы іске қосылды. Атауы аңғартып тұрғандай, соттың бұл түрі туындаған даудың түйінін тарқатудың реті күндіз келмесе, оны кешіктірмей кешқұрым болсын шешіп тастауға қолайлы болды.
Қоғам • 07 Маусым, 2019
Жазықсыз жапа шеккен әйелдің шындық үшін шырылдаған жан дауысы әлі байыз табар емес
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Некібаевтар отбасы ұстаздар әулетінен. Бұл саладағы жалпы жұмыс өтілі 200 жылға жуық. Кеудесі мемлекеттік марапаттарға толы Қожатай ақсақал саналы ғұмырын халық ағарту ісіне арнаған. Оның ғибратты еңбек жолын 3 баласы, 2 келіні, 4 немересі жалғастырып келеді.
Руханият • 06 Маусым, 2019
Әлемнің қылқалам шеберлері – Алтайда
Әлемнің 10 мемлекетінің (Германия, Франция, Түркия, Литва, Грузия, Татарстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан) 20 суретшісі өр Алтайдың төріне – Катонқарағай ауданына келді. Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен Алтайға асыға жеткен қылқалам шеберлері 4-11 маусым аралығында табиғаты көркем мекендегі «Рахман қайнары» шипажайының маңында жұмыс істемек.
Спорт • 06 Маусым, 2019
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Бельгия және Сан-Марино құрамаларына қарсы кездесу өткізеді. 8 маусымда сырт алаңда Бельгиямен күш сынасса, 11 маусымда «Астана Аренада» Сан-Марино футболшыларын қабылдайды.