Қоғам • 23 Мамыр, 2019
Жоғары білім. Оның сапасы да жоғары болуы керек
Гранттар саны жыл санап артуда. Жауапкершіліктің де жүгі ауырлай түсті. Әрине, заңды. Себебі әлем алға жылжып келеді. Ал білім бәрінің басында тұруы тиіс. Бұл талапты жастайынан жадында ұстаған қазақ жастары бүгінде сапалы жоғары білім алу мақсатында шетел асуға бейім. Шетелдік ЖОО-лар біздің жастарды несімен қызықтырады?
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Ымыраластыруға ынтамен кірісті
Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі бағыттарының бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны дамытуға жәрдемдесу. Сол себепті Маңғыстау облысындағы Ассамблея өкілдері арасына әртүрлі себептермен сызат түсіп, қарым-қатынасында кикілжің туындағандарды сотқа жеткізбей-ақ татуластыруға белсенді кірісті.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Атырауда бұрын-соңды болмаған нысандар салынуда
Өткен жылы Атырау облысында тұрғын үй құрылысын салу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті. Алып құрылыс алаңына айналған аймақта пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың да қатары көп. Қос құрлықты жалғаған Жайық жағасы әдемі келбетке ие болды, заңғар көкпен таласқан зәулім ғимараттар, жаңа саябақтар мен алаңдар мұнайлы шаһардың шырайын келтірді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Облыс орталығында салынып жатқан жаңа нысандарды аралау барысында оң өзгерістерді көріп, көзіміз де, көңіліміз де қуанды.
Сайлау • 23 Мамыр, 2019
Үгіт-насихат жұмыстары жан-жақты жүргізілуде
Бүгінде шешуші кезең таяған сайын үгіт-насихат жұмыстары да қызу жүргізіліп жатыр. Әрине, кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қаражат қажет екендігі белгілі. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясының «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауында республикалық бюджет қаражатынан өтелетін Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы» қаулы қабылданған еді.
Сайлау • 23 Мамыр, 2019
Қоғамдық штабтардың іс-қимылы ширақ
Президенттіктен үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары заңға сәйкес жүріп жатыр. Аймақтардағы сайлауалды қоғамдық штабтар жергілікті тұрғындарға өздерінің кандидаттары ұстанған басты бағыттарды жан-жақты түсіндіруде.