Руханият • 22 Мамыр, 2019
Халқымыздың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының жан дүниесін, ақыл-парасат ерекшелігін бейнелеуге арналған белгілі жазушы Мамытбек Қалдыбайдың «Ұмытылмас кездесулер», «Атақ пен шатақ», екі кітаптан тұратын «Мен халқымның Бауыржанымын», «Мен қазақтың баласы» деген бес томы жарық көріп, оқырманынан жоғары баға алған еді. Қаламгердің қаһарман жайлы жазбаларының бірерін назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Руханият • 22 Мамыр, 2019
Азаттық үшін арпалысқан Алаш арысы
XIX ғасыр аяғы XX ғасыр басында қазақ елінде Петербург, Мәскеу, Омбыда оқып, білім алған, саяси санасы оянған жалынды жастар өсіп шықты. Оның қарсаңында Ресейде түрлі қоғамдық қозғалыстар жүріп, саяси партиялар пайда болды. Ол әлеуметтік, ұлттық, азаттық, теңдік мәселелерін көтерді. Батыс елдеріндегі сияқты Ресейде де жеке басшылық тәртібін тізгіндейтін конгресс, парламент сияқты халық қатысуымен сайланған депутаттар кеңесі Ресейде мемлекеттік Дума дүниеге келді. Депутаттар арасында патша жүйесін қостайтындар да және оған қарсы әр ұлттың өз билігі өзінде болуын жақтайтындар да болды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2019
Ақтөбеде отбасын сақтау орталығы ашылды
Ақтөбеде «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру кешенінің жанында отбасын сақтау орталығы ашылды. Аталған әлеуметтік құрылым республиканың Жоғары Сотының «Отбасылық сот» атты қанатқақты жобасы аясында құрылған. Мұндағы басты мақсат өңірде үлгілі және өнегелі отбасылардың санын өсіруге бағытталған.
Руханият • 22 Мамыр, 2019
Әзербайжанның марқұм президенті Гейдар Әлиевтен естіген едім. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының басшылығына Г.Колбин тағайындалғанда М.Горбачевқа былай депті: «Бұл қате шешім... Колбинді тағайындауыңыз проблема тудырады. Несіне басқа біреуді іздейсіз? Нұрсұлтан Назарбаев бар ғой... Ең дұрысы сол.» Әлиев осы әңгімеден кейін Горбачевпен арасының салқындай бастағанын айтқан еді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2019
Оралда Сенат комитетінің көшпелі отырысы өтті
Орал қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселесін қарау бойынша көшпелі отырысы өтті.