Қазақстан • 03 Мамыр, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы халыққа Жолдауында жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілер қалыптастыру қажеттігі, олар мемлекет пен қоғам арасын жақындатудың дәнекері екендігі ерекше атап көрсетілген. Мемлекеттік қызметші сапаны өмір стилі етіп, өзін-өзі жетілдіруді басты қағидатына айналдыруы тиіс.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Түлектер трансұлттық компанияда еңбек етеді
Еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингі түлектердің жұмысқа орналасу нәтижесіне байланысты айқындалмақ. Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде кешенді іс-шара қолға алынды. Соның бірі, студенттерді сұранысқа сай мамандықтар бойынша оқыту. Бұл үшін өңірдегі және республика аумағындағы іргелі кәсіпорындармен, сондай-ақ трансұлттық компаниялармен тиісті келісімшарттар жасалды.
Қоғам • 03 Мамыр, 2019
Он бала тәрбиелеген Күлбаршын Кәкенова туралы бір үзік сыр
Құрқылтайдың ұясындай жып-жылы, ішіне кірсең шыққысыз, жып-жинақы бөлмеде күпсіген құрақ көрпенің үстінде отыр екен. Амандық-саулық сұрасқан соң іздеп келген себебімізді айттық. Әжей әуелі ойланып қалды. Сәлден соң тереңнен толғап сыр сабақтаған.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Жуырда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің білімгерлеріне арналған 350 орындық 4 қабатты Студенттер үйі пайдалануға берілді. Осылайша іргелі оқу орнының студенттері Елбасы бастамасының нәтижелі жүзеге асырылып жатқанына көз жеткізді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Қазақстан Президентін сайлау – қазақстандықтар үшін ғана емес, біздің елімізбен қандай да бір мүдделес мемлекеттер мен әлем халықтары үшін де аса маңызды саяси науқан. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз еркімен өкілеттілігін тоқтатып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтуі – біздің тұсымызда болып жатқан ең елеулі оқиға.