Ғалам ғажаптары • 06 Қараша, 2025
Қытайдың «United Aircraft» компаниясы «Boying T1400» атты жаңа ұшқышсыз тікұшақты сынақтан өткізді. Құрылғы бір ұшқанда сегіз сағатқа дейін әуеде тоқтаусыз қалықтай алады және 6,5 шақырым биіктікте тұрақты ұшу қабілетіне ие.
Өнер • 06 Қараша, 2025
Ұлттық қолөнермен ұпайымыз түгенделеді
Жуырда Шымкентте «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының ұйымдастыруымен «Ер-тұрманым күмістен» атты республикалық шеберлік сағаты өтті. Онда еліміздің әр өңірінен жиналған қолөнер шеберлері ер шабу, былғарымен қаптау, күміспен өрнектеу, қамшы өру секілді ұлттық қолөнердің сан түрін көрсетті. Ер-тұрманның жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Қолөнершілер осы бұйымдарды көпшіліктің алдында жасап, шеберліктерін паш етті. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ер-тұрман жасау өнерін насихаттап, жаңғырту. Ең бастысы, келген қонақтар шеберлік сағатынан өздеріне пайдалы көп мағлұмат алды. Ұлттық қолөнер бұйымдарымен жақынырақ танысып, шеберлермен бетпе-бет тілдесті. Әсіресе жастардың қызығушылығы зор. Әрбір затты қолдарымен ұстап көріп, таңдана қарасты. Қолөнершілер ұсталық өнер жайында ой өрбітіп, қызықты әңгімелерін де айтты. Шеберлердің қолынан шыққан ең таңдаулы туындылардан арнайы көрме ұйымдастырылды.
Архив • 06 Қараша, 2025
Құжат дегеніміз – уақыттың мөрі. Сол мөрдің ізімен біз кешегімізді танимыз, бүгінімізді бағамдаймыз, ертеңімізді болжаймыз. Бірақ уақыт қағазды сарғайтады, сияны өшіреді, осылайша қарт тарихтың парақтарын тоздырады. Сол үшін архивтерде күн сайын көзге көрінбейтін күрес жүріп жатады: біреу бөлмедегі жылу температурасын бақыласа, екіншісі жарықтың әрбір сәулесін реттейді, енді біреуі ылғалдың әр тамшысымен күресіп, тағы біреуі бактериялармен арпалысады.
Архив • 06 Қараша, 2025
Архив және заманауи технология
Президенттік архив делегациясы Барселонада өтіп жатқан Халықаралық архивтер кеңесінің (ХАК) кезекті конгресіне қатысты. Әлемнің жүзден аса елінен келген 2 мыңнан астам маманның басын қосқан бұл жиында архивтерді цифрландыру, құжаттық мұраны сақтау және архив саласына жасанды интеллектіні енгізу тақырыптары талқыланды.
Аймақтар • 06 Қараша, 2025
Жылыжай ісін ілгерілететін бастама
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Жақында ауданның 15 тұрғыны «Batys AgroHub» жобасының қатысушысы атанды.