Өндіріс • 06 Қараша, 2025
Шаруаларға шарапаты тиген кәсіпорын
Көкшетауда орналасқан «Kazrost Engineering» компаниясы – өңірдегі ауыл шаруашылығына серпін беріп отырған кәсіпорын. Ілкідегі «Вектор» комбайн зауыты» серіктестігінің өндірістік алаңын қайта жаңғыртып, заманауи техниканың модельдік қатарын көбейтуді қолға алған кәсіпорын жұмысы өрге басқан сайын ауыл шаруашылығына септігі тиіп келеді.
Өндіріс • 06 Қараша, 2025
Түркістан облысында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу басым бағыт ретінде белгіленіп отыр. Осы мақсатта «Қазақтелеком» және «Транстелеком» компанияларымен бірлесіп, елді мекендерді интернетпен қамту жұмыстары күшейтіледі. Әр сала бойынша цифрландыруға арналған нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді. Сонымен қатар мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздікке бағытталған жасанды интеллектіге негізделген бақылау жүйесін енгізу көзделіп отыр. IT мамандарын даярлау үшін «Woosong Kazakhstan» IT университетін ашу да – өңірдегі елеулі жаңалықтың бірі.
Сұхбат • 06 Қараша, 2025
Еңбек нарығына қажет маман даярлау – замана талабы
Мемлекет басшысы Жолдауында «Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтыруда. Азаматтардың өндіріске барғаны абзал. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек» деген еді. Расында, бүгінгі еңбек нарығындағы маман тапшылығының себебі неде? Колледждер даярлап жатқан кәсіп иелері бұл сұранысты қаншалықты өтей алып жүр? Жалпы, жұмысшы мамандығының абыройын көтеру үшін қандай қадамдар жасалуға тиіс? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында біз Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовпен сұхбаттасқан едік.
Әлем • 06 Қараша, 2025
Вашингтон саммитінен не күтеміз?
Бүгін Вашингтонда Орталық Азия елдерінің басшылары мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен «C5+1» форматында саммит өтеді.
Әлем • 06 Қараша, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған отандық делегация Қатар астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму туралы екінші дүниежүзілік саммитке қатысты.