Саясат • 06 Қараша, 2025
Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
Үкімет үйінде вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк делегациясымен кездесті. Кездесуде «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асырудың келесі кезеңдері мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда банктің атқаратын рөлі талқыланды.
Аймақтар • 06 Қараша, 2025
Өндірістік цехтар жұмысын бастады
Жақында Маңғыстау облысында «Новые трубные технологии» ЖШС-ның екі жаңа өндірістік цехы ашылды. Ақтау қаласының өнеркәсіп аймағында орналасқан өндірістік алаңдардың ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, өңірдің жетекші мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Тұрғын үйді сақтандыру тетіктері пысықталды
Келер жылдан бастап тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізіледі. Үкімет қазір құжатты пысықтап жатыр. Жаңа норма толыққанды жұмыс істеуі үшін тағы бірнеше заң мен кодекске өзгерістер енгізіледі. Заңның басты міндеті – түрлі табиғи апаттар жағдайында халықты қаржылық тұрғыдан қорғау.
Шаруашылық • 06 Қараша, 2025
Мал ұстағанның табысы неге мардымсыз?
Меңдіқара өңіріндегі елді мекендер аудан орталығындағы «Милх» серіктестігіне сүт өткізіп, қосымша табыс тауып отыр. Алайда бүгінде жемшөп қымбат. Ал сүттің бағасы кейінгі екі жыл бойы өзгермей тұр. Ауыл тұрғындары аталған серіктестік бағаны өсірмесе мал басы азайып кетуі мүмкін деген қауіп айтады.
Экономика • 06 Қараша, 2025
«Қазақмыс» қауіпсіздікке басымдық береді
«Қазақмыс» өндірістегі қауіпсіздік деңгейін көтеру мақсатында АҚШ-тың «JMJ Associates» халықаралық консалтингтік компаниясымен келісімшарт жасасты. Компания барлық өндіріс орнында өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесіне стратегиялық аудит жүргізеді. «Қазақмыс корпорациясы» басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев «JMJ» өкілдерімен кездесіп, бірлескен жұмысты талқылады.