Сұхбат • 06 Қараша, 2025
Денис ЛОКТЬЕ: Ақпарат саласына байсалдылық қажет
Қазір әрбір сала жасанды интеллектіні жұмыс барысында қолдануға тырысып жатыр. Цифрлы технологияның бұл түрінің БАҚ-тағы рөлі қандай? Кеше басталған «Astana Media week» іс-шарасының негізгі тақырыбы да осы мәселеге арналды. Осыған орай «Euronews» телеарнасының халықаралық тілшісі (Франция) Денис Локтьемен әңгімелесудің сәті түсіп, өзекті тақырып төңірегінде бірер сұрақ қойған едік.
Форум • 06 Қараша, 2025
Жасанды интеллект – журналистиканың жаңа тынысы
Жасанды интеллект – бүгінгі заманның ең үлкен жаһан жаңалығы болуымен қатар, медиа саласының дамуына тегеурінді ықпал етіп отырған шешуші факторға айналды. Кейбір сарапшылар ЖИ журналистиканың жаназасын шығарады десе, өзгелері ақпарат тасқыны өрістеген дәуірдегі оның деректі саралау, жаңалықты жедел жеткізу, мәтін мен визуалды контентті автоматты түрде өндіру мен өңдеу мүмкіндігін алға тартып, масс-медиа жұмысына жаңа тыныс бергенін айтады. Кеше Астанада «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» деген тақырыппен басталған «Astana Media Week 2025» форумының бірінші күнінде осы өзекті тақырып пленарлық отырыстардың әңгіме арқауына айналды.
Пікір • 06 Қараша, 2025
Ішкі саясат тұжырымдамасы елді басқарудың және стратегиялық дамудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы мен қоғамдық қатынастарды жаңа даму кезеңінде жетілдіру мақсатында әзірленді. Тұжырымдама ішкі саясат саласындағы қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін айқындауға бағытталған.
Пікір • 06 Қараша, 2025
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында ішкі саясатқа қатысты тұжырымдамалық құжат әзірлеу қажеттігі туралы идея айтылды. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, сол кезден бері осы құжатты дайындау бағытында бірнеше кездесу өтті.
Пікір • 06 Қараша, 2025
Президент Қ.Тоқаев Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» құжатта қоғам үшін маңызды тұғырлы идеологиялық мәселелер қарапайым тілмен ұғынықты жүйеленген.