Қоғам • 05 Қараша, 2025
Минск қаласындағы Беларусь Ұлттық кітапханасында ТМД, Индонезия, Мали, Мьянма, Оман, Палестина, Сербия, АҚШ, Того және Түркия елдері өкілдерінің қатысуымен Жеңістің 80 жылдығына арналған «Кітапхана – мәдениет феномені» атты ХІІ халықаралық конгресс өтті.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Әуежай жұмысы қашан жалғасады?
Павлодар әуежайындағы ұшып-қону жолағын жаңарту жұмысы келер жылдың ортасында аяқталып, ұшақтарды қайта қабылдайтын болады. Жақында әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жөнінде жиын өтіп, оның барысында жобаны аяқтауға қажетті қаражат заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару есебінен қалыптастырылған Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен қамтамасыз етілгені атап өтілді.
Талбесік • 05 Қараша, 2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде Алматы апортына қатысты ауқымды жоба қолға алынды. Жоба аясында Қазақ жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Алмалықтағы Талғар аймақтық филиалында 10 га жерге 2 080 түп апорт көшетін отырғызу жұмысы басталды.
Жасанды интеллект • 05 Қараша, 2025
«ChatGPT» білім саласына енеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында АҚШ-қа барған сапарында «OpenAI» компаниясымен серіктестік орнатуға уағдаласып келген еді. Бұл келісім білімге бағытталған. Жасанды интеллект саласындағы алып компания технологияларын қанатқақты жоба ретінде бастауға қолайлы деп елімізге қызығушылық танытып отыр.
Digital • 05 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биығы Жолдауында алдағы үш жылда еліміз толыққанды цифрлық мемлекетке айналып, жасанды интеллектіні экономиканың негізгі саласында кеңінен қолдануға тиіс деген стратегиялық маңызды мақсат қойды. Дәл осы мақсаттың орындалуы үшін қарқынды жұмыс істеп отырған «Astana Hub» қазір еліміздегі цифрлық экономиканың негізгі орталығы. Орталық құрылған сәттен бастап технологиялық компанияларды қалыптастыру мен дамытуға күш салып келеді. Мұнда инновациялық шешімдер ұсынылып қана қоймай, олар нақты салаларға интеграцияланып жатыр. Бүгінде «Astana Hub» – Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық кластер.