Үкімет • 05 Қараша, 2025
Ел қамбасындағы астық еселенді
Еліміз биыл егін науқанын абыроймен аяқтап, қамбаға мол астық құйды. Дала еңбегінің берекесі тасып, 27 млн тоннаға жуық өнім жиналды. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы жиын-терімнің нәтижесін жариялап, ауыл шаруашылығын қолдауға мемлекет барынша қолдау білдіргенін айтты. Сондай-ақ жиында бұқаралық спорт тақырыбы да қаралды.
ЖОЛДАУ • 05 Қараша, 2025
Мұнай-газ химиясы өнеркәсібіне серпін беретін жоба
Ел Президентінің мұнай-газ химиясы өнеркәсібінің кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Атырау облысында полиэтилен кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл – аталған өңірде қолға алынған екінші жоба.
Тұлға • 05 Қараша, 2025
Биыл туғанына 110 жыл толып отырған қайраткер-қаламгер, қазақ тарихының әдеби нұсқасын жасаған даңғыл жазушы Ілияс Есенберлин шығармаларының басты құндылығы – ұзақ жыл отарланып, санасы сансырап, қара басын күйттеуден басқа қауқары қалмаған ұлтымыздың рухын көтеру еді. Осы мақсатқа жету үшін жазушы ұлт тарихының ерлік кезеңдері мен азаттық жолындағы арпалыстарын әдеби көркем шығарма арқылы насихаттай алды.
Экономика • 05 Қараша, 2025
Биыл маусым айында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Бұл пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына тиімді балама болуға тиіс. Сондай-ақ әрі кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Шарттары да ыңғайлы. Мерзімі 10 жылға дейін. Осы уақыт ішінде 12,6%-дық мөлшерлеме өзгермейді. Алматы қаласында осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері жалпы несие сомасы 56,6 млрд теңге болатын 114 жоба қолдау тапты.
Саясат • 05 Қараша, 2025
ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық нығая береді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесті.