Экономика • 05 Қараша, 2025
Экономикада өсім әсері байқала бастады
«Tengenomika» телеграм-арнасының зерттеуіне сүйенсек, ел экономикасында халықтың күнделікті өміріне әсер ететін нақты өзгерістер байқалған. Ішкі жалпы өнім 7 айда 6,3 пайызға өскен. Бірақ ең маңыздысы сан емес, өсімнің халық тұрмысына қалай әсер еткенінде болып отыр.
Саясат • 05 Қараша, 2025
Күніне мыңдаған адамға көмектесетін кешен
«Amanat» партиясы азаматтарға қолдау көрсетудің кешенді жүйесін іске қосты. Бұл жүйе ел азаматтарының әлеуметтік, экономикалық, еңбек және білім беру бағытындағы күн сайынғы мәселелерін шешуге арналған. Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жиында «Қарызсыз қоғам», «Әкімдер мектебі» және «Ауыл аманаты» партиялық жобаларының нәтижелері мен мүмкіндіктері талқыланды. Бүгінде жүздеген мың ел азаматы партияның бірыңғай сервистік моделімен қамтылып отыр.
Саясат • 05 Қараша, 2025
Орталық Азия мен АҚШ серіктестігінің жаңа кезеңі
Өткен айдың соңында АҚШ Конгресі мүшелері Дональд Трампты биыл Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесу өткізуге шақырды. Осылайша АҚШ Президенті аймақ елдерінің көшбасшыларын 6 қарашада C5+1 саммитінде күтетінін айтып, хат жолдады. Саммитте Американың аймақтағы стратегиялық мақсаты, соның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, экономикалық байланыстар талқыланбақ. Жалпы алпауыт мемлекетке деген Орталық Азия елдерінің бірлескен ұстанымы қандай? C5+1 форматы жаңа геосаяси дәуірдің басталған тұсы ма?
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді
Ақтөбеде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай «Мейірім. Парыз. Қызмет» атты салтанатты шара өтіп, қарттар мен мүгедек жандар, табысы аз отбасылар мен жұмыссыздар, басқа да әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға қамқорлық танытып жүрген мамандарға құрмет көрсетілді.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Жетісу облысының Көксу ауданында маңызды әлеуметтік жоба іске асырылып, жұмыс істеуге келген дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл игі іс облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен, кадр тапшылығын шешу мақсатында жүзеге асты.