Қоғам • 05 Қараша, 2025
Жәрдемге мұқтаж жандарға жеңілдік
Жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу ақысын төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) алушылары мен салымшыларының мүдделерін қорғайтын өзгеріс енгізілді.
Digital • 05 Қараша, 2025
Осы күні жасанды интеллектіні қолданып, түрлі салада инновациялық шешімдер жасау үрдіске айналды. Мемлекет те бұл бағытқа айрықша көңіл бөліп отыр. Соның арқасында технологиялық стартаптар серпіліс жасап, нарықтағы өз орнын қалыптастырып келеді. «Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында жаңа буын компаниялар таныстырылып жатыр. Солардың ішіндегі ең үздік отандық екі жобаға шолу жасамақпыз.
Білім • 05 Қараша, 2025
Жұмыс күшін технология жаулаған құбылмалы кезеңде бір ғана мамандықпен шектеле алмайсың. Адамға екінші бір мамандықты меңгеруге дипломдағы кәсібінің қазірге қажет болмай қалуы мәжбүрлейді. Енді бір жағдайда кей мамандарға сұраныстың, қолдаудың артуы себеп болуы мүмкін, бұған кейінгі жылдары мұғалімдікке бет бұрғандардың көбейгенін мысал етуге болады. Іздене келе жаңа мамандық алудың екі жолы шығады, мұның бірі – екінші жоғары білім алу, екіншісі – магистратура. Осы тұста талапкер екеуінің қайсысы тиімді екенін білмей дағдаратыны бар.
Білім • 05 Қараша, 2025
Кейінгі жылдары отандық ғылымдағы зерделі жас зерттеушілердің жетістіктеріне тәнті боласыз. Солардың бірі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, химия саласынан PhD Мөлдір Әбдірайымова.
Тұлға • 05 Қараша, 2025
Биыл – белгілі ғалым, профессор, ұстаз, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Мүштай Батырбекұлының туғанына 100 жыл.