Пікір • 22 Қазан, 2025
Машина жасау саласындағы тың өзгеріс
«Kia Qazaqstan» зауыты – еліміздегі ең заманауи өндіріс орындарының бірі. Мұнда автомобиль өндірудің барлық кезеңі халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі. Әсіресе бояу цехы ерекше технологиямен жабдықталған.
Үкімет • 21 Қазан, 2025
Цифрлық елге айналу міндеттері байыпталған жиын
Еліміз орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект арқылы қол жеткізуі керек. Өйткені Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, цифрландыру ОДМ мақсаттарының негізгі индикаторларының 70 пайызына дейін қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл мәселе Сенатта өткен Орнықты даму саласындағы Ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның кезекті отырысында көтерілді.
Үкімет • 21 Қазан, 2025
Әлеуметтік сала мен өнеркәсіптегі стартаптар қолдау табады
Премьер-министр Олжас Бектенов отандық IT-компаниялардың өкілдерімен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде білім беру, спорт пен өнеркәсіп саласындағы ЖИ-стартаптарды қолдау мәселесін талқылады.
Саясат • 21 Қазан, 2025
«Amanat» фракциясы: сайлаушыларға берген уәде орындалады
Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны өтіп, онда депутаттар «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «2026–2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобаларын қарады.
Саясат • 21 Қазан, 2025
«Alem.cloud» жұмыс ережесі қабылданды
Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық ететін Цифрлық штаб Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қойылған міндеттерді жедел әрі жүйелі түрде жүзеге асыру жұмысын жүргізіп жатыр.