Республика күні • 21 Қазан, 2025
Республика күні – тарихымыздың алтын әріппен жазылған парағы, қайсар халқымыздың ерік-жігерінің арқасында қол жеткізген ұлы мерекесі. Егемендік – үлкен күреспен, қайсар рухпен, ұлттың ұйытқысы болған береке-бірлікпен келген құтымыз. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация» ғасырлар бойғы арманымыз бен мұратымызды жүзеге асыруға бағытталған тарихи құжат болды.
Сұхбат • 21 Қазан, 2025
Қайролла ЕРЕЖЕПОВ: Ұлық күннің ұлағаты зор
Республика күні қарсаңында Егемендік декларациясын қабылдаған XII сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаты, белгілі қайраткер, Мәжілістің I, II шақырылымдарының депутаты, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Қайролла ЕРЕЖЕПОВПЕН әңгімелескен едік.
Саясат • 21 Қазан, 2025
Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы сессияларына қатысу шеңберінде вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған еліміздің делегациясы Нью-Йорк қор биржасына (New York Stock Exchange, NYSE) барды.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Семей десе, алдымен ойға оралатыны – Алаш тарихы мен әдебиет алыптары. Әйткенмен, бұл жердің руханияты қалай өркендесе, индустриясы да солай қарыштаған еді. Цемент зауыты, ет комбинаты, тері өңдеу өнеркәсібі ерте дамыды. Ал қоғам нарыққа кіргелі бұл өндіріс орындарының да шаруасы шатқаяқтады. Халқымыздың атакәсібі, күнкөрісі, тұрмыс-тіршілігі малмен тығыз байланысты болған соң әр қазақ баласы тері өңдеудің қыр-сырын жете білген.
Шахмат • 21 Қазан, 2025
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ФИДЕ-нің мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шахматтан екінші олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысты.