ЖОЛДАУ • 21 Қазан, 2025
Су саясатын тиімді жоспарлау тетігі
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда су ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын құруды тапсырған еді. Су ресурстары және ирригация министрлігі іске қосуға тиіс Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі елдегі гидрогеологиялық бақылауды жүйелі жүргізуге әрі су ресурстарын тиімді басқаруға жол ашады.
Сараптама • 21 Қазан, 2025
Шағын бизнес: мүмкіндік кезеңі
Үкіметтің макроэкономикалық ахуалды тұрақтандыруға қатысты қабылдаған шешімдерін шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін сүйінші хабар болды деуге негіз бар ма? Бұған мен «иә» деп жауап берер едім. Дегенмен ескере кетер бір маңызды жайт бар, бұл – үзіліс, күш жинау мүмкіндігі. Бізге тыныстап, бизнесті ретке келтіруге уақыт берілді: қаржылық жоспарлауды, стандарттау мен жүйелеуді енгізуге және басқа да маңызды істерді қолға алуға мүмкіндік туды.
Кітапхана • 21 Қазан, 2025
Кейінгі бес жылда архив, кітапхана және кітап ісі саласында ілгерілеу бар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, осы салалардағы кадрлық әлеуетті нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыс ауқымды.
Ұлттық спорт • 21 Қазан, 2025
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен дәстүрлі «Қазақстан барысы – 2025» республикалық турнирі өтті. 2011 жылдан бері жүлгесі үзілмей келе жатқан, 14-мәрте ұйымдастырылған додада 43 балуан белдесті. Жарыста жеңімпаз атанған Марат Байқамұровты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Тағзым • 21 Қазан, 2025
Қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Кеше Астана қаласында қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Әкім Тарази тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта қойылды. Сондай-ақ Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Әкім Тарази атындағы мәжіліс залы ашылды.