Теннис • 21 Қазан, 2025
Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 халықаралық турнирінің бас жүлдесін еліміздің бірінші ракеткасы Е.Рыбакина жеңіп алды. Осы толайым табыстың арқасында Елена аптаның басынан ресми түрде әлемнің жетінші ракеткасы болады.
Тұлға • 21 Қазан, 2025
Алыптардың ұстазы атанған ағартушы
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Тәңірберген Отарбаев және Қазақстанның Оңтүстігінде қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялыларының тағдыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Зиябек Қабылдинов, ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ханбибі Есенқарақызы, Қазақ радиосының ардагері, қаламгер, Мәдениет қайраткері Гүлсара Қабланова, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Дария Қожамжарова, әлеуметтанушы, жазушы, Тәңірберген Отарбаевтың ұрпағы Мұрат Төлентаев қатысты.
Теннис • 21 Қазан, 2025
«Аlmaty Open» турнирі аяқталды
11–19 қазан аралығында Алматы қаласында АТР 250 санатындағы «Аlmaty Open» турнирі өтті. Негізгі сеткада 28 спортшы өнер көрсетті.
Форум • 21 Қазан, 2025
Денсаулық күзетіндегі жас ғалымдар форумы
Жуырда, яғни 17–18 қазан күндері Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бас ғимаратында жас ғалымдар мен студенттердің III Халықаралық форумы өтті. Оған өз елімізбен бірге Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Германия, Польша, Ресей мемлекеттерінен келген жас зерттеушілер мен оқытушылар қатысты. Алғашқы болып сөз алған академия ректоры Жанна Сейітжанова жиналған қауымды форумның ашылу салтанатымен құттықтады. Ол сондай-ақ биыл осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған ғылыми басқосуға қатысуға алыс-жақын шетелден арнайы келген қонақтарға ерекше ризашылығын білдірді.
Көрме • 21 Қазан, 2025
Астанада қазір әлемге әйгілі суретші Пабло Пикассоның бірегей туындыларының көрмесі өтіп жатыр. Халықаралық «Lumiere-Hall» музейі ұйымдастырған көрмеге Германия, Бельгия және Францияның жеке коллекцияларынан алынған шебердің 51 литографиясы қойылған.