Басылым • 12 Қыркүйек, 2025
«Қазақпараттың» ғасырлық белесі
Елімізде құрылған алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі – «Қазақпараттың» 105 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Тамыз айынан бастап елордадағы «Mega Silk Way» сауда орталығында «Қазақстан тарихы – «Kazinform» фотосуреттерінде» атты көрме ашылды. Ал Президенттік орталықта ұйымдастырылған салтанатты жиында «Kazinform. Біздің тарих» деректі фильмінің премьерасы өтіп, «Kazinform. Шынайы хроника» кітабы таныстырылды.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2025
Палатаның маңызды бағыттары айқындалды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру барысын талқылады. Сондай-ақ инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері туралы заңды қарады.
Пікір • 12 Қыркүйек, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындап қана қоймай, саяси реформалардың жаңа кезеңіне жол ашты. Мемлекет басшысы ел алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтіп, ұлттық дамудың стратегиялық басымдықтарын жариялады.
Пікір • 12 Қыркүйек, 2025
Парламенттік реформа – заман талабы
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы басынан аяғына дейін мемлекет дамуының іргетасы ретінде инновацияларды, цифрландыру және жасанды интеллектіні жетілдіру міндетін алға қойып отыр. Бұл бәсекеге қабілетті ел үшін мемлекеттік басқарудың заманауи технологиялық жүйесін құруға жол ашатыны анық.
Экономика • 12 Қыркүйек, 2025
Арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі
Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында құрылған Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) ел дамуының маңызды тетігіне айналды. Десе де, инвестициялық климатты әлі де жақсарта түсіп, өнеркәсіпті әртараптандыруды жеделдету қажет. Сонда АЭА-лар мүмкіндігі де еселеп өспек. Мемлекет басшысы Жолдауда «Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады. Алайда олардың көбінің жұмысы мәз емес», деді.