Пікір • 12 Қыркүйек, 2025
Геологиялық зертхананың құрылысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жариялаған Жолдауында геологиялық барлау жұмыстарын күшейту маңызды міндет екенін жеткізді. «Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандартқа сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн», деп айтты.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
Өңір әлеуеті – экономикалық өсім негізі
Қарағанды облысы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты биылғы Жолдауына арналған облыстық отырыс өтті. Маңызды жиынға өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев төрағалық етті. Әр сала өкілдерімен Президент Жолдауы жан-жақты сараланып, алдағы уақытқа жоталы жобалар жоспары пысықталды.
ЖОЛДАУ • 12 Қыркүйек, 2025
Әлеуметтік көмек әділ бөлінуге тиіс
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында әлеуметтік қызметтер мен жеңілдіктерге қатысты мәселелерді ашық айтты. Президент бұл мәселені бұрынырақта да бірнеше мәрте көтеріп, соның нәтижесінде әлеуметтік қолдау механизмдері ішінара қайта қаралған еді. 2023 жылғы 20 сәуірде Әлеуметтік кодекс қабылданды. Қолданыстағы заңнаманың барлық нормасы бір құжатқа топтастырылды, жұмыс бірізділенді.
Салық • 12 Қыркүйек, 2025
Биыл 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Енді БЖЗҚ-дан бейрезиденттерге төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, барлық табыстар, тұрғын үйге немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады.
Мәдениет • 12 Қыркүйек, 2025
Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өз жұмысын бастады. Шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация да қатысты. Осымен он бірінші рет өткізіліп отырған форум ашық диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға арналған бірегей алаңға айналды.