Еңбек • 12 Қыркүйек, 2025
Ауылда жүріп те уыс-уыс ақша сапыруға болады. Кейінгі уақытта мал бордақылау кәсіптің кереметіне айналды. Еңбекпен ерте шыңдалған Ернат Махмет – ауылының миллионері. Жылына жүз бастан артық мал семіртіп, Қарағандының базарларына ет жөнелтеді.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2025
«Жаңа адамдар» қоғам мүддесін көздейді
Президент Жолдауда қоршаған ортаға жанашырлықпен әрі жауапкершілікпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек деген еді. Сондай-ақ ол осы жұмысқа атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе жастарға ризашылығын білдірді. Табиғатты қорғауда іркілмей, көпке үлгі болғандардың қатарында «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері де бар. Олар экологиялық мәселелерді шешуде креативті тәсілге ден қойған.
Еңбек • 12 Қыркүйек, 2025
Жастарға жұмыссыздық сылтау емес
Бүгінгі буынның арасында бейнеттен қашпайтындар да бар екен. Осыдан 6 жыл бұрын Сырдария ауданында 15 жұмыссыз жас бірігіп бригада құрғанын естігенбіз. Әуелгіде «Басы таудай, аяғы қылдай шаруаның бірі болар. Жарнамасы жарқылдаған бастаманың аңдысын аңдиық» деген де ой болғаны рас.
Руханият • 12 Қыркүйек, 2025
1998 жылы Астанадағы қалалық газетте («Астана ақшамы») қызмет атқарып, несібе айырып жүрген шағым. Комсомол көшесі (қазіргі Желтоқсан) бойында орналасқан орыс драма театрында өтетін «Құдалар» атты спектакльге барып мақала әзірлеу керек. Бардық. Қойылым авторы көкшетаулық қаламгер Баянғали Әлімжанов екен.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
Түстігін Тарбағатай жоталары қапталдаса, солтүстігінен жалман жортқан Маңырақ тауы менмұндалайды. Күншығысында ұшар басын мәңгі мұз басқан Сауыр шыңы жатыр. Сақ бабамыздың ізі қалған осынау құдіретті де қасиетті мекен әлімсақтан Шілікті деп аталған. Алтын адамның табылғаны да – дәл осы шежірелі жер. Ендеше, тарих таңбаланған төңірекке неге музей салып, әмбеге әйгілемеске? Бұл туралы қоғам белсенділері ұсыныс тастаған.