Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
«Қазақмыс» корпорациясының құрамында 13 кеніш бар. Соның 11-і – жерасты кеніші, екеуінде өндіріс ашық әдіспен жүргізіледі. Компания құрамында 4 кен байыту фабрикасы, 2 мыс қорыту зауыты бар. «Қазақмыс» былтыр 247 мың мыс катодын алып шыққан. Ал Батыс Жезқазған, Шығыс Жезқазған, Оңтүстік Жезқазған кеніштерінің жұмыс істеп жатқанына тоқсан жылдан асты. Енді ол кеніштерде кен қоры таусылып, үлкен бос кеңістіктер пайда болған.
Мәселе • 12 Қыркүйек, 2025
Қалдық өңдеу мәселесі қалай шешімін табады?
Павлодар облысында тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигондарды реттеу, құжаттарын ұзарту мәселелері бар. Өңірде жыл сайын 300 мың тонна тұрмыстық қалдық жиналса, соның үштен бірі ғана өңделіп отыр.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2025
Шетелдің үздік мамандары Қазақстанға келеді
Білікті мамандар ел дамуында ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі талантты қазақ мамандарды ғана емес, әр салаға шетелдік үздік мамандарды да тартуға тапсырма берді. «Шетелден елімізді дамытуға үлес қоса алатын мықты мамандарды ұлтына қарамай тарту – өте маңызды міндет. Олардың Қазақстанда қалуына жағдай жасау керек. Себебі бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері керек», деді Президент Жолдауында. Қазіргі кезде осы мақсатқа негізделген «Digital Nomad Resydensy» жобасы іске асып жатыр. Оның алғашқы иегері де анықталды.
Пікір • 12 Қыркүйек, 2025
Цифрлық елге айналу мүмкіндігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Үш жыл ішінде Қазақстан цифрлық ел болуы керек» деп айтты.
Digital • 12 Қыркүйек, 2025
«Tech Orda»: ІТ-әлемге жолдама
Гуманитарлық білім IT саласына қадам басуға еш кедергі емес. Қазіргі заманауи білім беру бағдарламалары мамандықты ауыстыруға, көзқарасты кеңейтуге, тіпті өмірді жаңа парақтан бастауға мүмкіндік береді. Әсіресе мұндай мүмкіндік IT саласында ерекше сұранысқа ие. Соның айқын мысалы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Astana Hub» бірлесіп іске асырып отырған «Tech Orda» бағдарламасы.