Әлем • 05 Қыркүйек, 2025
Бейжің төріндегі қазақ орталығы
Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы ашылды. Бұл – әзірге шетелдегі жалғыз қазақстандық орталық. Салтанатты рәсімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, екі елдің дипломаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
ЖОЛДАУ • 05 Қыркүйек, 2025
Сұранысқа ие мамандықтар – дамуымыздың өзегі
Бүгінгі еңбек нарығы жылдам өзгеріп жатыр. Кеше сұраныста болған мамандықтар бүгін маңызын жоғалтып, жаңа кәсіптер пайда бола бастады. Осындай жағдайда мемлекет алдында тұрған көкейкесті жұмыс – уақыт талабына сай білікті маман даярлау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында: «Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек», деп арнайы тапсырма берген еді.
Өндіріс • 05 Қыркүйек, 2025
Лактап бояу бағытында жұмыс істейтін «TAUDI» кәсіпорны – бүгінде нарықтағы бағытын айқындаған ұжымдар санатында. Зауытқа бас сұққанда көргеніміз – кәдімгі қапқа салынған ұнтақ-ұн. Сырт көзге төменгі сортты бидай ұны тәрізді көрінеді. Мамандардың айтуынша, бұл кәдімгі тас ұны екен. Зауыт мүмкіндігі тас ұнын ғана емес, мәрмәр тас ұнынан да неше түрлі бояу шығаруға жетеді.
Шаруашылық • 05 Қыркүйек, 2025
Солтүстік Қазақстанның егіс алқаптарында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Кейінгі аптадағы жауын-шашын қолды сәл бөгегенімен, алдындағы күндер диқандар үшін қолайлы болды. Биыл 4,3 млн гектар жерге дән егілген. 3 млн гектар негізгі дәнді дақылдарға арналса, 979 мың гектар жерге майлы дақылдар сіңірілді. 392 мың гектарға – жемшөп, 9 мың гектарға – картоп, 1,4 мың гектарға көкөніс отырғызылды.
Кәсіпкер • 05 Қыркүйек, 2025
Ұлытау облысындағы «Бір ауыл – бір өнім» жобасына 36 кәсіпкер қатысып, өңірлік кәсіпкерлер палатасы жобаның үздік үш жеңімпазын анықтады. Көрме аясында тұрғындар мен қонақтар отандық өндірушілердің өнімдерімен танысып қана қоймай, өздеріне ұнаған тауарларды сатып алып жатты.