Дін • 05 Қыркүйек, 2025
Әсілінде дәстүрлі дін – біздің дара жолымыз. Бізді басқа мұсылман халықтарынан да ерекшелеп тұрған да – дәстүрмен үйлесім тапқан діни бағдарымыз.Ислам дінін біздің бабаларымыз 1270 жылдан бастап қабылдап, асыл дінді рухани тірегіне айналдырды. Қарахандар мемлекетінің негізін қалаған Сатұқ Боғра хан 955 жылы Ислам дінін қабылдап, асыл дініміздің таралуына жағдай жасаса, 960 жылы Мұса қағанның кезінде Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды. Міне, сол кезден бастап Мәуераннахр аймағы ғылым мен мәдениеттің орталығына айналды. Орталық Азиядағы түркі халықтары Ислам дінін қабылдау арқылы әлемдік өркениет пен ғылымға үлкен үлес қосты. Соның арқасында қазақ даласына Ислам өркениеті келді. Ұлы дала төрінде медреселер мен ғылым ошақтары бой көтерді.
Маман • 05 Қыркүйек, 2025
Елімізде кәсіптік білім иелеріне деген сұраныс ешқашан бәсеңдеген емес. Техника дамып, жасанды интеллект күн сайын жаңарып жатса да, адамның қол еңбегімен жасалатын шеберлік пен өнер – ешқашан маңызын жоғалтпайды. Себебі шаштараз, тігінші, аспаз, қонақүй қызметкері секілді кәсіптерді – ЖИ-мен алмастыра алмайсыз.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2025
Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі – қуатты инфрақұрылымы бар, түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары, халықаралық жобаларға белсенді қатысып, білім беруде жаңашылдық әдістерді енгізген, өндіріс және қолданбалы зерттеулерді шебер ұштастырған оқу орны. 1979 жылдан бері тау-кен саласына мамандар даярлап келе жатқан бірегей кәсіптік оқу орнының жұмысымен танысуға Хромтауға жол тарттық. Оқу орнының тау-кен зертханасын, оқу-кен полигонын аралап, шахта көліктерін басқаруға оқытатын «Boomer – 282» қондырғыларын көріп, ұшқышсыз басқарылатын ұшу жабдықтарын құрастыратын студенттермен жүздесіп, мехатроника және өндірістік автоматика жұмыстарымен танысып қайттық.
Ғылым • 05 Қыркүйек, 2025
Ғылымды қаржыландыру деңгейі неге төмен?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, 2024–2026 жылдарға ғылыми жобалар мен зерттеулерді қаржылай қолдау үшін бюджеттен 703,6 млрд теңге бөлінген. Оқырманға мұндай сома көлемді көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, Қазақстан дүниежүзілік дереккөздерде ғылымды қаржыландырудан соңғы орындарға жайғасқан. Себебін сараптап көрелік.
Білім • 05 Қыркүйек, 2025
Астанада әлемдегі беделді оқу орнының бірі – Кардифф университетінің шетелдегі әрі Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық кампусы ашылды. Мазмұнды іс-шараға Қазақстан мен Ұлыбритания үкіметінің өкілдері, сондай-ақ Cardiff University және Cardiff University Kazakhstan басшылығы қатысты.