Сұхбат • 05 Қыркүйек, 2025
Қарт тарихтың куәсі, талайғы Тараз қаласы кейінгі бірнеше жылдың бедерінде тотыдай таранып, түрлене түсті. Биыл іргедегі Байзақ, Жамбыл аудандарынан бірнеше елді мекен қала аумағына қосылып, Таразда тұратын тұрғындар саны жарты миллионға жуықтады. Нәтижесінде облыс орталығында «Әулиеата», «Жібек жолы» аудандары құрылды. Дамудың жаңа сатысына қадам басқан Тараз қаласында атқарылған жұмыс аз емес. Осы орайда шаһар басшысы Бақытжан ОРЫНБЕКОВ Тараз қаласында іске асырылған ілкімді істер мен алдағы уақытта атқарылатын межелі міндеттер туралы айтып берді.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2025
Апталық дайджест: Мөлшерлеме бұрынғы деңгейінде қалды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2025
Большевиктік өкiметпен мәмiлеге келу туралы алғашқы ойын Ахмет Байтұрсынұлы 1919 жылы 3 тамызда Мәскеуде шығатын «Жизнь национальностей» газетiнде жариялапты. Тығырықтан жол іздеген ой, ұсыныс қашанда оңай емес. «Төңкерiс және қазақтар» («Революция и киргизы») атты мақаласында қайраткер Алаш пен большевизм арасындағы күрделi түйiндi тарқатпақ болады. «Ақылға салайықшы, кiмнiкi дұрыс, кiмнiкi бұрыс?» деген iзгi пікірін ортаға салады. «Большевиктер қазақ қайраткерлерiнiң қызметiн заңсыз деп тауып, әрқайсысының басын алғанға 25 мың рубльге дейiн ақша тағайындады. Алаш Орда Орталық өкiметпен тiкелей байланысқа шығып, келiссөз жүргiзбек болды. …Жобаға жауап болмады. Ол жоба кеңес өкiметi жариялаған «Ресей халықтарының құқы» Декларациясының шеңберiнде жасалған едi. …Бiз әрi қарай не iстерiмiздi бiлмедiк», дейдi Ақаң.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2025
Ана тіліміздің жай-жапсары туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың әр отырысында айтып келеді. «Ана тіліміздің тағдыры жайлы сонау жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бері кешегі Алаш қайраткерлерінен бастап айтты» деген Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда бұл жайында бүгінгі ұлт зиялылары да, тіл жанашырлары да айтып жатқанын, айтылмаған сөз жоғын, біз ендігі арада қазақ тілінің тағдыры үшін құр байбалам сала берудің еш нәтижесі болмайтынын ұғынсақ етті деген ой тастады. Және «тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным» деп қадап айтты.
Туризм • 05 Қыркүйек, 2025
Ұлттық паркті қорғау – елдік мәселе
Алматы іргесіндегі Іле Алатауы ұлттық паркі тек демалыс орны ғана емес, сонымен қатар туризм арқылы жергілікті экономиканы дамытудың тиімді тетігіне айналып келеді. Мұнда экологиялық бағыттағы турлар мен белсенді демалыс түрлеріне сұраныс жыл сайын артып отыр.