Сараптама • 05 Қыркүйек, 2025
Пәтер сатып алған қаншалықты тиімді?
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл жазда пәтер жалдау бағасы 8–12%-ға өскен. Бірақ өсім барлық жерде бірдей емес. Астана мен Талдықорғанда көрсеткіш 30%-ға дейін жетсе, Алматыда баға баяу көтерілді, ал Жезқазған мен Қонаевта, керісінше, арзандаған. Жалға алу мен сатып алу арасындағы таңдау бүгінде қаржылық мүмкіндіктерге ғана емес, жаңа Салық кодексінің талаптарына да байланысты болмақ. Осы тұста «тиімді шешімді қалай табамыз?» деген сұраққа жауап іздейік.
Басылым • 05 Қыркүйек, 2025
Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамып келеді
Қазақстан Президентінің айтуынша, ҚХР-ға ресми сапары табысты өткен. «Жалпы, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз ынтымақтастықтың екінші «Алтын 30 жылдығына» қадам бастық», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әлем • 05 Қыркүйек, 2025
Италия жастары: провинцияны қалай еңсерді?
Қазір Үкімет ірі қалаларға ағылған жастарды ауыл-аймаққа тарту үшін «Дипломмен – ауылға!» секілді бірқатар бағдарлама әзірлеп, жағдай туғызуға тырысып жатыр. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ауылдық жерлерге жіберілетін мамандарға 2025 жылы 25 млрд теңге бюджеттік кредит беріледі. Бұл шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Бағдарлама 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Алайда өңірлерде әлі маман тапшы. Осы орайда бұл мәселемен бетпе-бет келіп, түйінін шешкен Италияның қолға алған шараларынан үйренуге болады.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2025
Жуырда Ақордада Мемлекет басшысы сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдаған еді. Солардың бірі – Үндістан Республикасының еліміздегі жаңадан тағайындалған елшісі Я.К.Сайлас Тангал.
Сұхбат • 05 Қыркүйек, 2025
«Жанашыр жобалар ізгілікке бастайды»
Дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім не ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге қолдау көрсетуді көздейді. Сауапты істе бас болып, асарлатқандардың қатарында «Жомарт жан» республикалық орталығының белсенділері де бар. Осы орайда Сенат депутаты, жоба жетекшісі Евгений Больгертпен сұхбаттасудың сәті түсті.