• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2011

Ғылым туралы заң қолдау тапты

585 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда төрт мәселе талқыға түсті. Депутаттар «1997 жылғы Ядро­лық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвен­циясын (1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулерімен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядро­лық залал үшін азаматтық жауапкершілік ту­ралы Вена конвенция­сы­ның жиын­тық мәтіні) ратификациялау туралы» заң жобасын тал­қы­лап, қабылдады. Конвенция мақ­саты – ядролық материалдар мен тех­но­логиялардың, жаб­дықтар мен қон­дырғылардың экспор­ты мен им­портын қоса алғанда, атом энер­гиясын бейбіт мақсатта пай­да­ла­ну­дағы еліміз ынтымақтас­ты­ғын да­мы­ту. Сондай-ақ халық­аралық құ­жат ядролық энер­гия­ның белгілі бір түрлерін бейбіт мақсатта пайдалану нәтижесінде туындайтын залалдан қаржылық қорғауды қам­тамасыз етуге ар­нал­ған нормалар мен өлшемдер белгілеуге бағыт­талған. Конвенция тарабы болып табылатын еліміз ядролық залал үшін белгілі бір жауаптылықта болуы қарас­тырылған. «Ғылым туралы» және оған ілеспе ғылым мәселелері бойын­ша кей­бір заңнамалық актілерге өзге­рістер мен толықтырулар енгізуді қарасты­ратын заң жоба­ла­ры да депутаттар тарапынан қол­дау тапты. Заңдық құ­жатта Жоға­ры ғылыми-техникалық комис­сия­ның рөлі кү­шей­тілген. Мұ­ны­­мен қоса, құрамы­на жетекші отан­дық және шетелдік ғалымдар кіретін, ғылыми зерттеулерді қар­жы­лан­дыруды қалыптас­ты­ру мен оның кө­лемдері бойынша шешімдер қа­был­дау, ғылыми жо­ба­лар­ды кон­курс­тық іріктеу үшін жауапты ғы­лы­ми кеңестер құру көзделген. Ғылым­ды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі жетілдірілетін болып отыр. Ол үш компоненттен тұрады: база­лық қаржы­лан­дыру, гранттық және бағдар­ла­ма­лық-нысаналы қаржы­лан­ды­ру. Бұл ретте ғалым мәрте­бе­сінің беделі мен тартымдылығын арт­ты­ру мақ­сатында гранттық қар­жыландыру шеңберінде қосымша жалақы төлеу қарастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, тыйым салын­ба­ған өзге де көздерден қар­жылан­дыруға мүмкіндік жа­са­лып отыр. Талқылау барысында айтыл­ған ұсыныстар мен ескерт­пе­лер­дің ба­сым көпшілігі ғылымды басқару мен ғылыми және ғылы­ми-тех­ни­калық қызметті ұйым­дас­тыруға, ғы­лыми-зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру мен қаржы­лан­ды­рудың жаңа тех­но­логияларын ен­гізу қағида­ла­рын жетілдіруге қа­тысты болды. Ғылыми қызмет­кер­лердің мәр­те­бесін көтеру және әлеу­меттік қам­сыздандыруға бай­ла­нысты мә­с­елелер де көтерілді. Сенат депутаттары тарапынан болған 60 ұсыныстың 50-і жобаға енгізіліп, заң қабылданды. Депу­тат­тардың отырыста айтқан пікірлері бойынша, ғылым мен ғылыми техникалық қызметті уақытында қаржыландыру, жеке меншік ғы­лы­ми секторға мемлекеттік тұр­ғы­да қолдау жасау құжаттағы көп­теген жаңа ережелердің іске асуына тікелей байланысты бо­ла­ды. Өйткені, әлемдік тәжірибе бойынша зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың 70-90 пайызын солар атқарады. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруа немесе фермер қожалық­тарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо­басы бойынша Парламент пала­та­лары арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру үшін құрылған келісім комиссия­сының құрамына депутаттар сайланды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.