Қазығұртта өндіріс орындары көбейіп жатыр
Оңтүстікке іссапармен келген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерболат Досаев Қазығұрт ауданында болды. Ол облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге «Lotus Food Company» ЖШС-інде болып, осындағы тез әзірленетін тағам өндірісімен танысты. Қазақстандық бұл тауарға сұраныс жоғары. Мұнда күніне 40 мың дана кеспе шығарылады. Бұдан бөлек, Ерболат Досаев тағы да бірнеше кәсіпорындарда болып, олардың жұмысымен танысты.Облыс әкімі корей компаниясымен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев кореялық «J&I Company Ltd» компаниясының төрағасы Чангсик Чонмен кездесті. Облыс басшысы жасыл желек жұмысын үйлестіру бойынша жақында ғана сын-ескертпелер айтқан еді. Ал корей компаниясының Өзбекстанда декоративті ағаштар өсіретін тұқымбағы бар болғандығы Оңтүстіктің осы ыңғайына келіп тұр. Кездесуде Чангсик Чон облыс әкіміне гольф клубы, жастар саябағы, тұқымбақ салу және ескек есу спорты бойынша спорт кешенін салу сияқты ұсыныстар айтты.Жастар отандық өнімдермен танысты
"Болашағы жарқын - Оңтүстік жастары" форумына қатысушы 150-ден астам жас Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, ондағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Олар ең алдымен 2013 жылы «Индустрияландыру картасы» бағдарламасы бойынша іске қосылған, жақында ғана халықаралық көрмеде алтын жұлдыз алған «Бал Текстиль» кілем фабрикасында болды. «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағында бүгінде оннан астам ірі кәсіпорын табысты жұмыс жасап жатыр. Белсенді жастар ендігі жолы аудан, қалалардағы индустриалдық аймақтарда болып, жұмыстармен таныспақ. Отандық өнімдердің қалай өндіріліп жатқандығын өз көздерімен көрген жастар болашақта осы кәсіпорындарда жұмыс жасауға бейіл екендіктерін байқатты..Ордабасыда өнеркәсіп артты
Қазақ үшін орны ерек Ордабасы ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд. 555 млн. теңгеге жетті. Яғни, кәсіпкерлік саласы бойынша Ордабасы облыстағы аудан, қала көрсеткіштерін есепке алғанда топ бастап тұр. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың 9 айында жалпы құны 7 млрд. 562 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды. Оның ішінде субсидиялау желісі бойынша жалпы құны 879 млн. теңгеге 3 жоба («Батсу Водоканал» ЖШС, ЖК «Жәнібек Сембек», ЖК «Сейтхан Серікқожа»), инфрақұрылымды дамыту желісі бойынша жалпы құны 6 680 млн. теңгеге 4 жоба («Аква Терм» ЖШС, «MEB Co» ЖШС,«KAZMERBLOCK» «Мерблок» ЖШС, «ФебСтрой» ЖШС), гранттық қаржыландыру бойынша 3 млн.теңге болатын 1 жоба жұмыс жасауға дайын. Бүгінде «Ордабасы құс» серіктестігінің өнімдері Ресей нарығында үлкен сұранысқа ие. Бақтияр Тайжан, «Егемен Қазақстан»