• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2016

Жасампаздық жылнамасы

293 рет
көрсетілді

2003 * 1 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жаңажылдық құттықтауы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді. Онда: «Жаңа, 2003 жылдың да барқадарлы жасампаздық еңбек жылы боларына, оның біздің мемлекетіміздің игілігін еселеп, Қазақстандағы әр отбасының дәулетін арттыратынына менің сенімім кәміл», деп жазылды. * 20 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Швейцария Конфедерациясына ресми сапары басталды. Елбасы Швейцария Конфедерациясының Федералды Президенті Паскаль Кушпенмен кездесіп, екіжақты мәселелер талқыланды. Кездесу нәтижесінде жолаушылар мен жүктердің халықаралық тасымалы туралы және көп тарапты сауда жүйесіне ену мәселелеріне қатысты құжаттарға қол қойылды. * 23-24 қаңтар күндері Президент Н.Ә.Назарбаев Давостағы 33-ші Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысып, сөз сөйледі. «Мемлекет басшысы ретінде маған қазақстандықтардың өз жоспарларын дербес анықтап, оларды іске асыруға ұмтылып жатқанын, жаңа экономикалық жағдайда жұмыс істегісі келетінін көру зор ғанибет. Олар өз балаларының болашағын көріп отыр. Бұл да Қазақстанның алдағы үлкен көкжиегін қуаттайды», деді Елбасы форумда. * 4-5 ақпан күндері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Италия Республикасында ресми сапары өтті. Елбасы Италия Президенті Карло Адзелио Чампи және Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Сильвио Берлусконимен келіссөздер өткізді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев сапар аясында ұйымдастырылған «Қазақстан: италиялық компаниялар үшін коммерциялық табыс түсірудің және инвестиция салудың болашағы» тақырыбындағы бизнес-форумға қатысты. * 6 ақпанда Ватиканда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Папа Иоанн Павел II-мен кездесті. Аудиенция барысында Рим Папасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бүкіл Қазақстан халқына өзіне Астанаға жасаған сапары кезінде көрсеткен ерекше құрметі үшін разылығын жеткізуді сұрады. * 12 ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Сындарлы он жыл» – «Критическое десятилетие» кітабының тұсаукесері өтті. * 14 ақпанда Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің ІІІ конгресі болды. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, Қазақстан экономикасындағы айтулы өзгерістермен қатар, алдағы уақытта қаржы саласында ерекше назар аударылуға тиісті маңызды мәселелерге тоқталды. * 18 ақпанда Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан жылы салтанатты жағдайда ашылды. Салтанатты рәсімде Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сөз сөйледі. * 22-23 ақпан күн­­­дері Президент Н.Ә.Назарбаев Бе­­­ла­русь, Қазақ­­стан, Ре­сей және Украинаның төрт­­ жақ­­ты кез­­де­суі­не­ қа­тыс­ты. Кездесу нәтиже­сін­де, төрт мем­лекеттің пре­­­зи­денттері Біртұтас эко­­­но­­­микалық ке­ңіс­­тік құ­­­ру жө­нін­де шешім қа­­был­­дады. * 14 наурызда Пре­зи­дент Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭҚ  Бас хатшысы Григорий Рапотамен кездесті. * 19 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Пре­з­идентінің жанын­- да­­ғы Адам құқықтары жө­нін­дегі комиссия туралы Жар­лыққа қол қойды. * 4 сәуірде Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың тө­рағалығымен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда еліміздегі ең көкейкесті мәселелер талқыланды. * 15 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарының форумына қатысты. * 23 сәуір ҚР Президенті Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Хатшысы Франческо Франжиалиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен дүниежүзіндегі туристік бизнестің жағдайы талқыланды. * 24 сәуірде Алматыда ІІ Еуразиялық экономикалық медиа-форум өз жұмысын бастады. Форумда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 25 сәуір күнгі нөмірінде «Нұрсұлтан Назарбаев: Түсінісу, үнқатысу жолын табайық» тақырыбымен көлемді мақала жарияланды. * 27 сәуірде Тәжікстан астанасында Еуразиялық экономикалық қауымдастық Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болып өтті. Жиында Мемлекетаралық кеңестің төрағасы ретінде бірінші кезекте сөз алған Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастықта атқарылған істер және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөнінде сөз қозғады. * 6 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас Хатшысы, доктор Абдалла Бен Абдельмухсин Аль-Түркимен кездесті. Екі жақ Қазақстанда Әлемдік діндердің құрылтайын өткізу мәселесін талқылады. * 8 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы» Заңына қол қойды. * 13 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына қол қойды. * 17 мамырда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ватиканның мемлекеттік хатшысы кардинал Анджело Соданоны қабылдады. Ватикан мемлекеттік хатшысы Елбасына Папа Иоанн II Павелдің сәлемін жеткізді. * 19 мамырда Астанада Францияның Қазақстандағы экономикалық форумы басталды. Оған франциялық 17 ірі және орта компаниялар қатысты.  Форум шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Францияның Экономика, қаржы және индустрия министрлігі жанындағы Сыртқы сауда мәселелері бойынша делегат-министр Франсуа Лоосты қабылдады. * 21 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми сапары басталды. Елбасы Ыстанбұлда Абай атындағы мектептің ашылуы салтанатына қатысты. Ертеңіне Қазақстан Президентінің сапары Анкарада жалғасты. Мұнда Елбасы Түркия Президенті А.Н.Сезермен және Премьер-министр Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Кездесу нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жаңа белеске көтеруге мүмкіндік беретін құжаттарға қол қойылды. * 29 мамыр Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер басшыларының саммиті өтті. Саммиттің күнтәртібінде ұйымның бағыттарын айқындайтын өзекті мәселелер қаралды. ШЫҰ мәжілісіне Президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етті.