• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2016

Словакия министрімен кездесті

217 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Сыртқы және Еуропа істері министрі Мирослав Лайчакпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Төраға Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып табылатын Братис­лаваның Еуропалық одақтағы төр­ағалығына жоғары баға берді. Төр­аға Словакияның Ұлттық кеңесі Қа­зақ­стан мен Еуропалық одақ арасын­дағы Кеңейтілген әріптестік және ын­ты­мақтастық туралы келісімді рати­фикациялаған алғашқы еуропалық парламенттердің бірі болғанын ризашылықпен атап өтті. Қ.Тоқаев мейманды Қазақстан Пар­ламентінің қызметімен таныс­тырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 қадам» Ұлт жос­па­рында нақтыланған Бес инс­ти­тут­тық реформаны заңнамалық тұр­­ғы­д­а қамтамасыз ету туралы айтты. Тараптар екіжақты парламент­аралық байланыстарды дамытудың келешегін талқылай келіп, оның екіжақты ынтымақтастық аясындағы маңызына тоқталды. Сенат Төрағасы 2017-2018 жыл­дар­дағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болу жөнін­дегі Қазақстанның бастамасына Братис­лаваның қолдауына сенім артаты­нын да айтты. «Бейбітшілік пен қауіп­сіздікке қолдау білдіру, превентивтік дипломатия, қақтығыстарды реттеу мен бітімгершілік, көші-қон, қор­шаған орта – біздің басымдықтар болып табылады. Біз ядролық, энерге­тикалық, су және азық-түлік қауіп­сіздігі мәселелерін шешу жөнінде де жұмыс атқаратын боламыз», – деді Қ. Тоқаев.