• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

Хиллари мен Трамп тең түссе не болады?

230 рет
көрсетілді

Бүгін АҚШ-та мемлекеттің жаңа президентін сайлау басталды. Алғаш болып ескі дәстүр бойынша түнгі сағат 12-де Нью-Гэмпшир штатындағы алты тұрғыны бар Диксвилл-Нотч ауылы дауыс берді, деп хабарлайды USA Today. Басылымның айтуынша, сайлау науқанын осы ауылдан бастау 50 жыл бойы жалғасып келе жатыр екен. Бұл сайлау учаскесі түнгі 12-де ашылып, 1-2 минуттан соң жабылады. Диксвилл-Нотч азаматтарының төртеуі өз дауысын Хиллари Клинтонға, қалған екеуі Трампқа берген.

BBC.com айтуынша, сайлау қорытындылары АҚШ уақытымен таңғы сағат 4 пен 5 аралығында айтылады. Сонымен қатар кандидаттардың әрқайсысы 269 дауыстан жинауы мүмкін деген болжамдар да қарастырылып жатыр. Олай болған жағдайда өкілдер палатасы таңдау жасайды. Ал бірнеше дауыс айырмашылық болса, бюллетеньдер қайта саналады.

Естеріңізге сала кетсек, 2000 жылы сайлау кезінде осындай жағдай орын алған еді. Онда Fox, CNN, NBC, CBS және ABC телеарналары алымен Альберт Гор жеңді деп, кейін өз сөздерін қайтарып алды. Нәтиже даулы болғандықтан, қайта санау жүргізіліп, 1 ғана дауыс айырмашылығымен Джордж Буш жеңіске жеткен болатын.

Америкалықтар өз президенттерінің аты белгілі болғанша 13 желтоқсанға дейін күтіп, Джордж Буш 2001 жылы 20 қаңтарда ант қабылдаған еді.