• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

Қазақстан Президенті Жапонияның жетекші бизнес өкілдерімен кездесті

237 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Жапонияның жетекші бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ, 20 индустриалды аймақ жұмыс істейтінін айтты. «Біз жапон компанияларына арнайы және индустриалды аймақтарда өз жобаларын жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға əзірміз. Бұдан бөлек, мұндай аймақтарды жапон компанияларының басқаруына беру мүмкіндініміз бар», - деді Елбасы. Сонымен қатар, Президент «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі алаңында Астана халықаралық қаржы орталығы құрылғанын, оның Нью-Йорк, Сингапур, Дубай сынды қаржы орталықтарының  ең үздік тәжірибесін өзіне сіңіргенін айтты. «Бізде ол орталық үшін арнайы заң қабылданған. Ағылшын құқығы қолданылады, іс ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар бізді жетекші қаржы орталығы бар Токио тәжірибесі қызықтырады», - деді Қазақстан Президенті.