• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

Жапонияда қала көшесінде аса ірі шұңқырлар пайда болды (видео)

282 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең Жапонияның ең ірі қалаларының бірінде үлкен коллапс бес көшені жоқ қылды. Бұл құбылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы 5 кезінде Кюсю аралының оңтүстігінде орналасқан Фукуока қаласында болды. Алдымен екі кішкентай шұңқыр пайда болып, ол ұлғая келе ені 30 метрге жуық тоқырауға айналған. Осы ауданда су, газ және көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған. Әзірге жарақат алғандар туралы хабарланбады. NHK айтуынша, электр энергиясының тоқтатылуынан тек бір қарт әйел құлап қалған. Қала билігінің айтуынша, бұл құбылысқа осы көшеге жақын маңдағы жерасты темір жолын үлкейту бойынша жасалып жатқан инженерлік жұмыстар себеп болуы мүмкін.