• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

«Эйр Астана» компаниясы "Эйрбастың" соңғы үлгідегі ұшағын алды

330 рет
көрсетілді

Францияның Тулуза қаласында орналасқан «Airbus» зауытында «A-320 NEO» ұшағын қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясына тапсыру салтанаты өтті. Бұл туралы "Егемен Қазақстанның" тілшісі Тулуза қаласынан хабарлады. «Эйр Астана» әуе компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Белла Тормышеваның айтуынша, қазақстандық компания дәл осындай 11 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол жеткізіпті. «Airbas-320 NEO» ұшағын ТМД арасынан алғашқы болып қазақстандық компания сатып алып отырғанын айта кету керек. Бұл А-320 санатты ұшақтардың ішіндегі коммерциялық жағынан ең табысты ұшақ болып табылады. Airbas компаниясы коммерциялық директоры Франк Новеллан: "Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша A-320 санатты 6 900  ұшақ ұшып жүр. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау, жанармайды тиімді пайдалану және басқа да маңызды көрсеткіштер бойынша ұшақ алыс-жақынды қашықтықтарға қатынауда әмбебап шешім ұсынып отыр",- дейді. Оның айтуынша, әрбір екі секунд сайын жер бетінде A-320 ұшағы ұшады немесе  қонады. Әлемнің 1 500-ден астам әуежайы осы ұшақтарға қызмет көрсетеді екен. A-320-ның жетілдірілген нұсқасы «A-320 NEO» ұшағын алған «Эйр Астана» әуе компаниясы «Airbus» компаниясымен 2006 жылдан бері әріптестік байланыста екенін айта кету керек. Қазіргі таңда қазақстандық әуе компаниясында «Эйрбас»-тың 13 ұшағы пайдаланалады. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан», Тулуза