• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

Қытайда электр стансасында жарылыс болды

198 рет
көрсетілді

Цзыбо (Шаньдун провинциясы, Шығыс Қытай) қаласында жылу электр стансасында жарылыс болды.  Қала әкімшілігінің  хабарлауынша, кемі екі адам қаза тауып, тағы 9 адам жарақат алған. Алдын ала деректерге сәйкес, сульфидсіздендіруге арналған қондырғыда аммиак жарылған. Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер, экологтар, басқа да шұғыл қызметтер келді. Хабарламада атап өтілгендей, электр стансасы қаланың 110 кәсіпорнын және тұрғын аудандарды жылумен, энергиямен қамтамасыз етеді.  Билік апаттың себебін анықтауда, деп хабарлайды ТАСС.