• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

«Хайнань туры» жеңімпазы сәбилер үйінде болды

241 рет
көрсетілді

Хайнань-2016 халықаралық жарысының жеңімпазы, андерлер арасында әлем чемпионы, Қазақстанның мықты велошабандоздардың бірі Алексей Луценко Сәбилер үйіне сыйлықтар әкелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. Қазір мұнда 55 бала бар, олардың 22-сі «Үміт» тобында. Қайырымдылық көмек ретінде спортшы тұрмыстық техника, арба, жөргектер,  гигиена құралдарын әкелген. Алексей Луценко әйелі  Еленамен үш жастағы қызы Златаны тәрбиелеуде.  Велошабандоз әйеліне перзентханаға келгенде, кейбір балаларды аналары қалдырып жатқанын көргенін және шараналарға қатты жаны ашығанын айтады. «Сәбилер үйіне көмек беру менің ғана емес, әйелімнің де идеясы. Біз, егер мен  Хайнань  турында жеңіске жетсем, онда қаражаттың бір бөлігін міндетті түрде қайырымдылық көмекке жұмсаймыз деп шештік. Петропавлға келе салысымен бірден Сәбилер үйіне барып, оларға не қажет екенін сұрадық», -  деп әңгімесін жалғады  Алексей Луценко.  Спортшы бұл оның Сәбилер үйіне жасаған соңғы көмегі емес екенін жеткізді.  [caption id="attachment_72553" align="alignnone" width="560"] ????????????????????????????????????[/caption]