• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

Қазалыдағы кәмпит цехы тәулігіне 500 кг. өнім шығарады

464 рет
көрсетілді

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазалы ауданының әкімі Нәжмадин Шамұратов аймақтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Аудан басшысы Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді атқаруда бірқатар жағымды жаңалықты жеткізді. Атап айтқанда, Қазалы ауданы «Дәмді» сүт өнімдерімен, «Қазалы» кәмпитімен, ет, балық және күріш өнімдерімен мақтана алады. Жыл басынан бері «Рза» АҚ 6738 тонна сүт, 229 тонна ет, 2439 тонна нан өнімдері өндіріліп, 24315 тонна күріш өңделді.  Өткен жылмен салыстырғанда сүт 257 тоннаға, нан 207 тоннаға, күріш 1516 тоннаға артық. «Рза» өнімдері облыстың Арал, Қармақшы аудандарына және Қызылорда, Байқоңыр қалаларына, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Орал облыстарына сатылуда. Онда 335 адам жұмыспен қамтылған. «СПК Қызылорда балық» ЖСШ балық өнімдеріне келсек, 9 айда 298 тонна өңделген балық өнімдері Ресей, Әзербайджан, Дания, Германия, Австрия елдеріне экспортталды. Онда 45 адам жұмыспен қамтылған. «Сыр Маржаны» ЖШС күріш өнімдерінен 9 айда 3119 тонна күріш өңделіп, өткен жылмен салыстырғанда 209 тоннаға артық болды. Күріш өнімдері ішкі нарыққа және ТМД елдеріне сатылуда. 144 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жеке кәсіпкер Н.Қазбергеновтың кәмпит цехы қазіргі таңда кәмпиттің 4 түрінен тәулігіне 500 келі өнім шығаруда. Бүгінгі күнге аудан көлемінен тыс Арал, Қармақшы, Жалағаш аудандарына және Қызылорда қаласы мен Ақтөбе облысына сатылып отыр. Алдағы уақытта тәуліктік қуаттылықты 1 тоннаға дейін көбейту бағытында жұмыс жүргізілуде. Мұнда 17 адам жұмыспен қамтылған.