• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

Мұсақожаеваның Мексикадағы концерттері

294 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстан Республи­ка­сы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде Қазақстанның Мексика­да­ғы елшілігінің қолдауымен Толука қаласындағы (Мехико штаты, Мексика) «Felipe Villanueva» концерт залында Айман Мұсақожаеваның атақты мексикалық дирижер Эн­ри­­ке Батистің (Enrique Bátiz) басшы­лығында Мехико штатының Симфониялық оркестрімен бірлескен гала-концерті болып өтті.  Әлемдік  деңгейдегі  қазақ­стан­­дық скрипкашының кон­цертін та­ма­­ша­­лауға Мехико штаты­ бас­шы­­­лығының, жер­гілікті парла­мент­­­тің және зия­лы қауым­ның өкіл­дері келді. Мексика жұртшы­лығы А. Мұса­қожаеваның  орындау­ында әлемдік классиканың жауһарлары – Иоганнес Брам­с­тың Скрипка үшін ре-мажор концертін, 77-шығармасын, сондай-ақ, Нұрғиса Тілендиев­тің «Аққуын» тыңдап, зор рухани ләззат алды. Мехико штатының тұр­ғын­дары қазақстандық өнер­мен алғаш рет танысқанын және сахна сыртындағы сұх­баттарда болашақта осындай кездесулер болып тұратынына үміттерін білдіргендерін атап өту қажет. А.Мұсақожаеваның осын­­­дай концерті, сондай-ақ,  Икстапан де ла Саль қала­сында (Мехико штаты) да  өтті. «Егемен-ақпарат»