• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

Астанада 25 мыңыншы сәби дүниеге келді

255 рет
көрсетілді

Астанадан қуанышты хабар жет­ті. Елордамыздың биыл дүние­ге­ келген 25 мыңыншы сәбиі Көк­ше­тау­­дағы әріптесіміз, телерадио журналистикасының ардагері Жанмұрат Жанайдаровтың немересі болып шықты. «Бауы берік болсынды» біздің бірінші болып айтуымыздың жөні бар еді. Жанмұрат біздің курстасымыз, «Қазгидромет» РМК филиалының инженер-химигі Раямен де Алматыда қатарлас оқығанбыз. Жәкеңнің пәтеріне кіргенімізде иін тірескен туыстары мен көр­шілерінің қуанышты құшағына еніп кеткендей болдық. Баршамыз құтты болсын айтып, сүйіншілетіп жатырмыз. Бұл оқиғаны Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 25 жылды­ғы­мен байланыстырудың да жөні келіп тұр. Сәбидің әкесі Медет пен анасы Әсем төртінші ұлды болып, көп балалы отбасы атанып отыр. Оларды Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері перинаталды орталыққа арнайы келіп, қала әкімінің атынан құт­тықтап, сый-сауғасын тапсырды. Біз де мерекелі жылдың қуаны­шы көбейе бергей деген тілектеміз. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Көкшетау Суретте: тоғыз немерелі болып отырған Жанайдаровтар отбасы