• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

Жасампаздық жылнамасы

315 рет
көрсетілді

2004 * 1 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына жаңажылдық құттықтауы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Құттықтауда: «Саяси-құқықтық ре­формалардың уақыт талабына сай болуы бізді көп тол­ған­дырады. Халық санының өсімі, ана мен баланың денсаулығы басты назарда болады. Өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мемлекеттік тұрғыда қамтыла бермек», деп жазылды. * 9-10 қаңтар күндері Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің Қазақстанда реси сапары болып өтті. Сапар шеңберінде Қазақстандағы Ресей жылының салтанатты ашылуы болды. Жиында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл жылдың былтырғы – Ресейдегі Қазақстан жылында атқарылғанның табиғи жалғасы және молықтырушысы болатыны сөзсіз», деді. * 18-22 қаңтар аралығында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары болып өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БАӘ Президенті Шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянмен және Абу-Дабидің мұрагер бекзадасы Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянмен кездесулері мен келіссөздері, сапар аясында өткен «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» бизнес форумы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың мол мүмкіндіктерін айқын көрсетіп берді. * 28 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігінің ғылым және жаңа технологиялар министрі Хуан Коста Климетті қабылдады. * 30 қаңтарда Елбасы Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Чех Республикасының вице-премьері – Сыртқы істер министрі Цырил Свободаны қабылдады. Кездесуде екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен келешегі талқыланды. * 5 ақпанда Президент Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Джек Строны қабылдады. * 6 ақпанда Астанада тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына арналған салтанатты мәжіліс болды. Онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасады. «Тың игеру – бұл жиырмасыншы ғасырдың аса зор әлеуметтік-экономикалық жобасы, оған ұқсас жоба әлем тарихында болған емес. Қысқа тарихи кезеңде Қазақстанның көптеген аудандарында экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет жаңаша өркендеп, қуатты кадр және ғылыми әлеует жасалды. Тың озық кәсіпорындардың басшыларын, ірі ғалымдар, мемлекеттік және саяси қайраткерлер болған ерлердің тұтас бір шоғырын тәрбиелеп шығарды», деді Елбасы өз сөзінде. * 10 ақпанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Рушайлоны қабылдады. Кездесуде көршілес екі елге ортақ бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. * 13 ақпанда Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаев­ Франция сенаторы Эмери Монтескьюді қа­был­­дады. Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас мәселелерін сөз етті. * 1-2 наурыз күн­дері Әзербайжан Рес­пуб­ликасының Пре­зиденті Ильхам Алиевтің Қазақстанда ресми сапары өтті. Екіжақты кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Алиевтің Әзербайжан Президенті ретінде Қазақстанға тұңғыш сапарының маңызына жоғары баға бере келіп, екі мемлекеттің бауырлас халықтарын мәдени-тарихи тамырластығы, біртұтас геосаяси кеңістікте өмір сүруі, екі мемлекет алдында тұрған міндеттер сипатының ұқ­сас­тығы жақындастырып отырғанын атап көрсетті. * 2-5 наурыз күндері ара­лығында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сауд Арабиясы Король­ді­гінің Мұрагер ханзадасы Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың кездесуінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға баса назар аударылды. Айта кетейік, Сауд Арабиясының 81 жас­тағы Королі Фахд бен Әбдел Әзиздің сол кезде науқастанып қалғанына байланысты Қазақстан басшысымен келіссөздерді Сауд Арабиясы Корольдігінің Мұрагер ханзадасы Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Сауд жүргізді. * 6 сәуірде Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) іс басындағы төрағасы – Болгария Республикасының Сыртқы істер министрі Соломон Пассимен кездесті. * 15-16 сәуір күндері Өтпелі Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзайдың Қазақстанда ресми сапары өтті. Кездесуде Елбасы Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстанды қалпына келтіруге қатысты ұстанып отырған жобаларға қатысуға мүдделі екенін атап көрсетті. * 17-19 сәуір аралығында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына жұмыс сапары болды. * 19 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Елбасы Ресей Президенті В.Путинді Еуразиялық одақ идеясының 10 жыл толуына орай маусым айында Астанада өтетін форумға қатысуға шақырды. * 16-19 мамыр ара­лы­ғында ПрезидентНұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Респуб­ли­ка­сы­на мемлекеттік сапары болып өтті, оның шеңберінде Атасу – Алашаңқай мұнай құбырының құрылысы туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы «Егемен Қазақ­стан» газетінің 18 ма­­мыр­­­ күнгі нөмірінде «Қытай­­­­мен ынтымақтастық ны­ғая түседі» тақырыбында мақала жарияланды. * 21-22 мамыр күн­­­де­ріПрезидент .Ә.Назарбаевтың Испания­­­ға жұмыс сапары болды. * 25-26 мамыр күндері Норвегия Король дігінің Премьер-министрі Кьелла Магне Бондевиктің Қазақстан Республикасына ресми сапары болып өтті. * 28 мамырда Астанада Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы болды. * 1 маусымда Эстония Республикасының Президенті Арнольд Рюйтель ресми сапармен Қазақстанға келді. * 17 маусымда Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы өтті. * 28-29 маусым күндері Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ыстанбұлда өткен НАТО/СЕАП Солтүстікатлантикалық альянстың мүше мемлекеттері саммитінің жұмысына қатысты. *29 маусымда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасына ресми сапармен барды. Елбасын Татарстан Президенті Минтемир Шаймиев қарсы алды.