• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

Қостанайлық сарапшылар бас жүлдеге ие болды

260 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан халқы Ассалеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысында осы мерекеге орай жарияланған байқау жеңімпаздары анықталып, марапатталды.  Онда Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми- сарапшылық тобы Гран-При жүлдесін иеленді. Онда «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне» арналған республикалық конкурсқа  қостанайлық сарапшылардың авторлық ұжымы «Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері:  қазіргі заманғы жағдайы және перспективалары» атты  ғылыми жобамен қатысқан болатын. Облыс әкімі Ахимед Мұхамбетовтың басшылығымен құрамында Гүлвира Құдайқұлова, Әлімжан Бекмағамбетов, Қаламқас Сан­дыбаева секілді сарапшылар бар топ жасаған жоба ғылыми жұмыстар арасында үздік деп танылды. Нәзира Жәрімбетова