• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

Хиросиманың ішкі жалпы өнімі 60 млрд долларды құрайды

371 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Күншығыс еліне ресми сапары Токиодан басталып, Хиросимада жалғасты. Мұндағы жергілікті тұрғындар саны 1,1 млн-нан сәл ғана асады.  Жапонның ірі Хонсю аралының батысында орналасқан бұл қала - Хиросима префектурасының әкімшілік орталығы. 1980 жылдан бастап Хиросима Жапонияның мемлекеттік маңызға ие қалаларының тізіміне енді.  1945 жылы атом бомбасы тасталған әлемдегі  ең бірінші қала ретінде белгілі. Дәл сол жылдың 6 тамызында  жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат  08:15-те бірінші атом бомбасы тасталады.  Жалпы, Хиросимаға тасталған ядролық қарулардың қуатының алапат болғаны соншалық, ол қаланың 90 пайызын жермен-жексен етеді. Хиросима – 8 жаңа және ескі ауданға бөлінеді.  Қазіргі таңда қала экономикасының шамамен 70-80 пайызын екінші және үшінші деңгейлі кәсіпорындар көтеріп тұр. Қалада жапонның «Мазда Мотор» корпорациясының негізгі зауыттарының штаб-пәтері орналасқан.  Олардан түскен қаржы қаланың ішкі жалпы өнімінің 30-дан астам пайызын құрайды. Жалпы, Хиросима өңірінің ішкі жалпы өнімі  60  млрд АҚШ долларын құрайды. Хиросима - Тюгоку-Сикоку өңірінің өндіріс орталығы.  Портты қала мәртебесіне ие. 1993 жылы мұнда Халықаралық әуежай салынған. Қазір ол жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылады. Қала мэрі тұрғындардың тікелей сайлауымен 4 жылда бір рет сайланады.  2011 жылдың  сәуірінен бастап,  бұл лауазымда – Казуми Мацуи. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ "Егемен Қазақстан" Хиросима