• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2016

Биыл берілген несиелер көлемі белгілі болды

319 рет
көрсетілді

2016 жылғы 9 айда  ҚР-да берілген несиелер көлемі 525 млрд. теңгеге ұлғайды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Банктердің экономикаға несиелерінің қалдығы ағымдағы жылы өзгерген жоқ, яғни 12,7 трлн. теңге болды. Алайда, берілген несиелер көлемі 2016 жылғы 9 айда  525 млрд. теңгеге ұлғайып, 7,2 трлн. теңге болды»,-деді Данияр Ақышев. Ұлттық банктің басшысы сондай-ақ теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің қаңтардағы 23,7 пайыздан қыркүйекте 16,3 пайызға дейін төмендеуін атап өтті. «Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Ел экономикасында дағдарысты құбылыстардың сақталуы жағдайында Ұлттық банк қаржы нарығын реттеудің қарсы циклдық сипатын ұстанып, банк секторының жағымсыз оқиғаларға орнықтылығын тұрақты түрде бағалайтын болады», - деп хабарлады Д. Ақышев.