• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2016

Су бассейнін салдырды

309 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы әкі­мінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев Абай ауданына жұмыс сапарымен барып, осында салынып жатқан жабық бассейн құры­лысының жайымен танысты. Бұл бассейн аудан ардагерлері мен кеншілер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш айтып, хат жолдағаннан кейін Президенттің тікелей тапсыр­масы­мен қолға алынған болатын. Бұл – 55 мың халқы бар Абай ауданында салынып жатқан тұңғыш бассейн. Ол әр ауысымда 48 адамға қызмет көрсете алатын болады. Құрылыс жұмыстары келесі жы­лы аяқталады деп жоспарланған. Пре­зидентке хат жолдаған автор­лардың бірі – құрметті ардагер, байыр­ғы кенші Николай Дуд­кин осы жерде облыс басшылығына алғыс айтып, жас ұрпақтың денсаулығына қамқорлық танытып, осындай әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатқандары үшін ризашылығын жет­кізді. Айта кету керек, Абай ауданынан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, әлем, Еуропа чемпионы атан­ған Серік Нұрқазов, Олег Мас­каев, Наталья Рогозина, Абы­лайхан Жү­сіпов сияқты саңлақ боксшылар шыққан. Асылбек Дүйсебаев бассейн құрылысы аяқталып, іске қосылған соң, аудан спорты жаңа белестерден көрінеріне сенім білдірді. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы, Абай ауданы