• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2016

Қоянды жәрмеңкесінің сейфтері

301 рет
көрсетілді

Көненің көзіндей жәдігерлерге көп ретте мән бере қоймаймыз. Айталық, Қарқаралы қаласында патша заманында жасалған сейфтер бар. Олардың үшеуі қалалық мұражайда тұрса, тағы біреуін жергілікті қазынашылық бөлімі әлі күнге пайдаланып келеді. Қарқаралы аудандық қазынашылық бөлімінің басшысы Мұрат Тойын­бековтің айтуынша, заманында ақ патшаның арнайы жарлығымен, Қар­қаралыда атақты Қоян­ды жәрмеңкесі үшін қа­зынашылық ғимараты салынған. Бұл сейфтер ал­ғаш сонда тұрған. Оларда, сол уақыттың ба­ға­мымен, дүниенің ақша­сы сақталған деседі. Бір ғана 1858 жылы сейфтерде 5 миллион рубль жиналыпты.  Кереметі сол, арада бір жарым ғасыр­дай уақыт өтсе де, темір жә­шіктер сынын бере қоймаған. Аудандық қазына­шы­лық бөлімінде қалған сейф әу баста қабырғаға бекі­тіліпті. Онда қазір құжат­тар сақталады. Бас­қалары мұражайға өткі­зілген. Олардың біреуі Мәскеуде жасалса, екеуі Санкт-Петербургте бол­ған атақ­ты Карл Сан-Галли зау­­ытында соғылған екен. Әр сейфтің жеке қор­ғаныс жүйесі, құпия кіл­­ті бар. Мұражай қызметкерлері тарихи темір жәшіктерді көр­нек­ті орынға жайғас­ты­рып, келушілер үшін қызықты бір жәдігерге айналдырған. Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы  Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»